Ертегі терапиясы – кейіпкерлердің бейнелерін талдау кезінде баланың ертегі тыңдау немесе оны ойдан құрастыру арқылы бойларындағы қорқыныш пен үрейді жеңуге мүмкіндік беретін психотерапиялық бағыт. «Қарлығаш» балабақшасында ертегі терапиясы денсаулық сақтау технологиясы немесе психотерапиялық әсер ету құралы ретінде қолданылады.
Педагог-психолог ертегіні кітап бойынша оқиды немесе аудиожазбасын тыңдайды. Тыңдап болғаннан кейін психолог балаларға сюжетке немесе кейіпкерлерге қатысты сұрақтар қояды. Бұл ретте ертегінің қаншалықты пайдалы екенін және онда қандай тәрбиелік мораль бар екендігін анықтау маңызды. Әрі қарай, психолог қорытынды шығарады.
Ертегі_терапиясы келесі мінез-құлықты түзетуге, сондай-ақ дамытуға ықпал етеді:
- коммуникативтік дағдылар;
- қиял;
- шығармашылық;
- сыни тұрғыдан ойлау.
Психолог ұсынады: балаларға ертегіні жиі оқуға тырысыңыз, әрі ертегі желісін, кейіпкерлерді бірге талқылаңыз.