Басты бетСыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптары

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптары

2024 жылғы 28 маусымда Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» ШЖҚ РМК-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптары тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараға Кәсіпорын басшылығы, Кәсіпорынның 3 объектісінің, ӘБП қызметкерлері қатысты.

Комплаенс-офицердің м.а., Кәсіпорынның жетекші заңгері Б.Б. Насымбаев іс-шараны аша отырып, ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы маңыздылығын атап өтіп, қызметтік міндеттерін атқару кезінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және Кәсіпорынның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын мүлтіксіз сақтауға назар аударды.

Іс-шара аясында осы ақпаратты көзбен көру үшін экранда слайдтар көрсетілді.

Семинардың қорытынды бөлімінде барлық қызықтырған сұрақтарға толық жауап берілді.