«Қарлығаш» балабақшасында тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтауға ерекше көңіл бөлінеді. Жазғы кезеңде балалардың денсаулығын нығайту үшін мектепке дейінгі мекеме аумағында орналасқан «Денсаулық соқпағы» қолданылады.
Бұл орын балалар жалаң аяқ түрлі беттерден өтіп, табандарына массаж алу үшін жабдықталған. Яғни табанға түрлі дәрежеде әсер ете отырып, баланың моторикасын дамытуға, иммунитетті, энергияны арттыруға, стрессті жеңілдетуге және оның жалпы психоэмоционалды жағдайын жақсартуға болады.
Сондай-ақ, соқпақпен өткенде бала денесіне жағымды әсер ететін бірқатар шынықтыру процедураларынан өтеді.