Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасында қозғалыс арқылы үйрену

ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасында қозғалыс арқылы үйрену

ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасында қозғалыс арқылы үйрену ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасында қозғалыс арқылы үйрену

Балалардың дене, танымдық және интеллектуалдық дамуы мақсатында «Қарлығаш» балабақшасы «Қозғалыс арқылы үйрену» тәсілін оқу процесінде қолданады.

«Қозғалыс арқылы үйрену» - балалар қарапайым математикалық және сенсорлық ұғымдарды, танымдық қабілеттерді меңгеретін тәсілдің бір түрі.

Қазіргі заманда балалар дене әрекетсіздігінен зардап шегеді, гаджеттерді асыра пайдалану балаларды бір орында тапжылмай отыруына алып келеді. Ал бұл олардың дене және психологиялық денсаулығына кері әсерін тигізеді.

Қозғалыс арқылы оқуды бастаудың себептері!

Қозғалыста оқыту баланың тиімді дамуына, оның құзыретін дамытуға ықпал етеді.

Қозғалыс белсенділігі интеллектуалды тұрғыдан дамуға көмектеседі: оқуды, санауды үйрену, геометриялық пішіндермен танысу, есте сақтауға, ажыратуға, салыстыруға.

Қозғалыс бүкіл организмге тиімді әсер етеді, ми қызметін оңтайландырады, жаңа нейронды байланыстарын қалыптастырады.

Дәл осы бұлшық ет қызметінде баланың миы өз энергиясын нәрлендіретін және дамытатын дереккөз табады.

Қозғалыс кезінде баланың ақпаратты жедел үйрену қабілеті дамиды.