Бала ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім беруден ғана емес, есте сақтау, ойлау, елестету, танымдық, шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды.
Осы мақсатта балаларға өлеңдер беріледі. «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешілерінің айтуынша, мұндайда бізге суреттер көмектеседі. Балаға өлең жолдарын сурет-схемасы арқылы жаттату өте тиімді және оңай. Өйткені бала көзімен көре отырып есте сақтайды. Суреттегі затты көру арқылы оның қандай зат екені есінде қалады, құлағымен естиді, тілі дамиды.
Негізі балаларға өлең жолдарын ғана емес, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал түрлерін де дәл осындай схема түрінде жаттатуға болады. Балалар суретке қарай отырып ойланады, тез шешуге және тез айтуға суреттің көмегі тиеді. Балалар мақал-мәтелді естігенімен, оның мағынасын түсіне бермейді, есте де сақтау да қиын. Ал сурет-схемасы арқылы балаға көре отырып жаттаса, түсінікті болады.