«Бусоград» технологиясы балалардың әртүрлі қабілеттерін дамыту құралдарының бірі болып табылады. Бұл мектеп жасына дейінгі балаларға арналған моншақтармен ойын және шығармашылық жаттығулар жүйесі.
Аталған технологияның баланың дамуына ықпалы:
- кеңістік көріністерді қалыптастырады және жетілдіреді;
- сөйлеу мен қарым-қатынас дағдыларын дамытады;
- ұсақ моториканы дамытады;
- көру және есту есте сақтау қабілетін, қиялды дамытады;
- шыдамдылық, назар, табандылықты дамытады.
ҚР ПІБ Медициналық орталығы «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешілері балалармен жұмыс барысында келесі ойындарды өз тәжірибесінде қолданады:
1. Бұл қай сан? Шульте кестесінде орналасқан сандарды кристалмен белгілеп атау.
2. «Гонзиктар қайда өмір сүреді» Моншақтар арқылы балалар өз ойларынан ертегілер құрастырады.
3.«Бусоград планшеты» – бұл планшет арқылы балалар суреттер салады, әріптер жаза алады, пішіндерді, арнайы ойынан шыққан затты жасайды.
Және ең маңыздысы – бусоград технологиясын міндетті түрде үлкендердің бақылауымен орындап, қауіпсіздікті қатаң сақтау қажет.