Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасындағы Макото Шичида әдісі

ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасындағы Макото Шичида әдісі

ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасындағы Макото Шичида әдісі ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасындағы Макото Шичида әдісі ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасындағы Макото Шичида әдісі

 Макото Шичида әдісі – бұл балалардың ерекше қабілеттерін дамытуға көмектесетін, балалардың миын ынталандыратын ойындар жиынтығы. Әдістеме сезім мүшелері мен оң жарты шарды саналы түрде дамытуға бағытталған. Ерте жастан мидың оң жағы дамуы өте маңызды. Себебі баланың миы шексіз мүмкіндіктерімен, оның табысты және өзіне сенімді адам болып өсуі үшін тікелей байланысты.

Кез-келген баланың туа біткен қабілеттері болады. Мысалы: суреттерді есте сақтау, музыкалық қабілет, бірнеше шет тілдерін жетік меңгеру, жедел математикалық есептеу мүмкіндігі. Егер сіз баламен бірге Шичида әдісін ойындар мен сабақтар барысында қолдансаңыз, онда сіз баланың бойына дарыған таланттарды ашуға үлес қосасыз.

Профессор Шичида ұсынған ойын түрлері мен ұйымдастырылған іс-әрекеттер көңілді әрі қызықты. Тіпті техниканы толығымен ұстанбай, күнделікті өмірге Шичида ойындарының бір бөлігін ғана енгізе отырып, баланың дүниетанымын кеңейтуге болады.