Балаларға аптасына екі рет, бекітілген кесте бойынша, ҚР СанЕжН нормалары мен талаптарына сәйкес бассейнге барып, су процедураларын қабылдайды.
Бұл процесс кезінде балалар ағзаларын шынықтырып қана қоймай, суда жүзуді және судан қорықпауды үйренеді.
Сонымен қатар жүзу нұсқаушылары балалармен бассейнде өтетін оқу қызметі барысында аквааэробика, аквабилинг, синхронды жүзу, тыныс алу және саусақ гимнастикасы элементтерін қолдана отырып, ұйымдастырудың түрлі нысандарын пайдаланады.
Судағы ойын-сауықтар мен қызықты ойындар балаларға қуанышты сәттер, жағымды эмоциялар мен ұмытылмас әсерлер сыйлайды. Нәтижесінде балалар қайта-қайта бассейнге оралуды қалайды.