Басты бетАстанада «Өсу нүктесі. Трансформация кезеңі» Халықаралық конференциясы өтті

Астанада «Өсу нүктесі. Трансформация кезеңі» Халықаралық конференциясы өтті

Астанада «Өсу нүктесі. Трансформация кезеңі» Халықаралық конференциясы өтті Астанада «Өсу нүктесі. Трансформация кезеңі» Халықаралық конференциясы өтті Астанада «Өсу нүктесі. Трансформация кезеңі» Халықаралық конференциясы өтті Астанада «Өсу нүктесі. Трансформация кезеңі» Халықаралық конференциясы өтті Астанада «Өсу нүктесі. Трансформация кезеңі» Халықаралық конференциясы өтті

Елордада «Қарлығаш» РМК балабақшасының ұйымдастыруымен, Оқу-ағарту министрлігі жанындағы Балалардың ерте дамуы институтының қолдауымен «Өсу нүктесі. Трансформация кезеңі» халықаралық конференциясы өтті.

Оған Қазақстан, Норвегия, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және басқа да елдерден 100-ден астам маман қатысты. Олар мектепке дейінгі білім беру саласындағы заманауи тәсілдер мен үздік тәжірибелерді, және оның адам капиталын нығайтудағы рөлін талқылады.

Отандық және шетелдік спикерлер бала тәрбиесіне қатысты үздік тәжірибелерді баяндады. Жаһандық үрдістерді, Норвегия мен Әзербайжанның білім беру жүйелерінің ерекшеліктерін, балалардың экологиялық пайымын дамытуды, ұлттық ойыншықтардың рөлін, инклюзивті тәсілдерді, сондай-ақ STEAM технологиялары мен басқа да инновацияларды енгізуді сөз етті.

Жиында сөз алған ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой конференцияның Қазақстандағы мектепке дейінгі білім беру саласындағы маңызды оқиғалардың бірі екенін атап өтті.

«Осы конференцияны өткізу еліміздің білім берудегі инновацияларды енгізуге деген ұмтылысын көрсетеді. Қарқынды дамыған қоғамда білім беру жүйесі де өзгерісті талап етеді. Бұл алаң барлық қатысушыларға жаңа идеялар мен практикалық шешімдер ұсынатынына және мектепке дейінгі білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенемін», — деп атап өтті ол.

Конференция аясында әлемдік жетекші сарапшылар, Оқу-ағарту министрлігі өкілдері мен мектепке дейінгі білім беру педагогтарының қатысуымен медиашығармашылық, ұлттық құндылықтарға негізделген білім беру және экологиялық тәрбие сынды үш бағыт бойынша дөңгелек үстел өтті. «Қарлығаш» балабақшаларында секциялық отырыстар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім беру саласына арналған инновациялық әзірлемелер, оқу-әдістемелік материалдар, танымдық әдебиеттер мен заманауи IT жабдықтары ұсынылған көрме-жәрмеңке өтті.

Конференция қорытындысы бойынша мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыруға бағытталған қарар қабылданды. Онда отандық және шетелдік ұйымдармен тәжірибе алмасу үшін «QARLYGASH» бірыңғай алаңын дамыту, үздік тәжірибелерді тарату үшін педагогтерге арналған халықаралық тәжірбиелер, курстар мен семинарлар ұйымдастыру қамтылды.