2024 жылдың 3-6 желтоқсан аралығында Жетісу облысында «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының күндері» өтуде.
Осы маңызды іс-шара аясында «ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасы» РМК өкілдері өңірдің мектепке дейінгі ұйымдарына барып, мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудегі инновациялық әдіс-тәсілдермен бөлісіп, семинар өткізеді.
Семинарда өңір педагогтары «Қарлығаш» балабақшаларында қолданылатын озық әдістер мен технологиялар туралы біле алады, тәжірибе алмасады.
Семинарға қатысушылары:
• Жетісу облысының білім басқармасының өкілдері;
• Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің өкілдері;
• Қала мен облыстың мектепке дейінгі ұйымдарының меңгерушілері мен әдіскерлері;
Болашақ ұрпаққа сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі!