Қонақтарға балабақша бойынша экскурсия ұйымдастырылып, Кәсіпорын қызметі таныстырылды. Сондай-ақ, Сингапурлық әдістемеге және «Бастау» бағдарламасы бойынша өткен қызықты дене шынықтыру сабағына ерекше назар қойылды.
Экскурсия барысында қонақтар этномәдени тәрбие бойынша балалардың ұйымдастырылған іс-шараларын, заманауи педагогикалық технологияларды қолдануды, сондай-ақ балалардың шығармашылық және физикалық қабілеттерін дамытатын интерактивті жабдықтар мен бағдарламаларымен танысты.
Экскурсия соңында балалардың қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концерт ұсынылды. Концерт бағдарламасында ұлттық «Бабалар рухы» биі және балабақша педагогтері мен қызметкерлерінің хоры іс-шараны ерекше салтанатты атмосферамен толықтырды.