2024 жылғы 19 және 26 қараша күндері «Қарлығаш» РМК эксперименттік алаңдарына ғылыми қолдау көрсету аясында AIU профессоры Жұмабаева Заида Ефимқызы «Әдістемелік ресурстарды құрастыру алгоритмі» тақырыбында семинар-практикум өткізді. Іс-шара №2 және №3 балабақшалар базасында ұйымдастырылды.
Семинар 2021 жылы ҚР БҒМ бекіткен мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделіне сәйкес балаларды тәрбиелеу мен оқыту тәсілдерін трансформациялау жағдайында педагогтарға қолдау көрсетуге бағытталды. Заида Ефимқызы келесі негізгі аспектілерді жан-жақты қарастырды:
• зерттеу сұрақтарын қою;
• гипотезаларды тұжырымдау және негіздеу;
• дәлелді педагогика әдістері;
• авторлық әдістемелік материалдар әзірлеу кезінде академиялық адалдық принциптерін сақтау.
Семинарға қатысушылар пікір алмасып, өз сұрақтарын қойып, белсенді түрде талқылауға қатысты. Іс-шара педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға және жаңа әдістемелік әзірлемелер жасауға ынталандырды.