

Автокванториум – автомобильдермен, автомобиль үлгілері, жол үлгілері бар конструкторлармен жабдықталған. Бұл балаларға автомобильдерді модельдеуден қазіргі заманғы автомобиль жасау техникасына, қашықтан басқарылатын автомобиль үлгілерін жасаудан машина бөлшектері мен түйіндерін түсінуге, ұшқышсыз көліктерді түсінуге және танысуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, балалар көлік, жол және көпір саласына байланысты мамандықтар туралы ақпарат алады, бұл болашақта кәсіптік бағдар беруге ықпал етіп, инженерлік, техникалық және құрылыс салаларына деген қызығушылықтарын арттырады.
Автокванториум – балаларды жаңа ғасырдың талаптарына сай біліммен және дағдылармен қамтамасыз ететін, болашаққа жол ашатын инновациялық орта.