Басты бетҰлттық құндылықтар негізінде білім беру ортасын құру

Ұлттық құндылықтар негізінде білім беру ортасын құру

Ұлттық құндылықтар негізінде білім беру ортасын құру Ұлттық құндылықтар негізінде білім беру ортасын құру Ұлттық құндылықтар негізінде білім беру ортасын құру Ұлттық құндылықтар негізінде білім беру ортасын құру

ҚР ПІБ Медициналық орталығына қарасты «Қарлығаш» балабақшасында «Ұлттық құндылықтар негізінде білім беру ортасын құру»  атты республикалық семинарына  Қарағанды, Ақмола облыстарының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты.

Семинар қатысушылары "Бастау" бағдарламасы аясында балалардың шығармашылық қойылымдарын, жобалар мен ойындардын тамашалап, балабақшадағы ұлттық құндылықтарға негізділген жұмыстың мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ықпалын зерделеді.

-«Ұлттық құндылықтарға негізделген білім беру»  жобасы - ұлттық және адами құндылықтарға негізделіп әзірленді. «Ел боламын десең-бесігіңді түзе» деген халық даналығының мәні ешқашан ескірмеген. Бүгінгі өскелең ұрпақ- жарқын болашағымыздың тірегі, ал олардың бойына ұлттық тәрбие мен адамгершілік қасиеттерді сіңіру әрбір азаматтың парызы,- деп тілге тиек етті «Қарлығаш» балабақшасының директоры Гүлшат Онланбекқызы.

Педагогтер назарына балалардың қатысуымен мюзиклдер, хореография және ұлттық ойындар көрсетілді. "Ұлттық құндылықтарға" негізделген көрме таныстырылып, «BILIM MEET UP» форматындағы панельдік сессиялар мен шебер-сыныптар ұйымдастырылды.