Басты бетСингапурдан келген қонақтардың таңданысы: "WOW!”

Сингапурдан келген қонақтардың таңданысы: "WOW!”

Сингапурдан келген қонақтардың таңданысы: "WOW!” Сингапурдан келген қонақтардың таңданысы: "WOW!”

«Қарлығаш» балабақшасының педагогтері MCE 2025 жаһандық конференциясына қатысты, онда әлемнің түкпір-түкпірінен білім беру саласындағы жетекші мамандар жиналды!

Пленарлық сессия математика, ағылшын тілі және жаратылыстану ғылымдарына арналды.

Спикерлер арасында-әлемдік білім беру саласының кіл мықтылары: - доктор Хо Бун Тионг (Cambridge IGCSE физика оқулықтарының авторы),

- Доктор Норхуда Мұса (Сингапурда математиканы оқытуда 20 жылдық тәжірибесі бар сарапшы),

- Мисс Джозефина Фай-Ми (Hwa Chong институтының ағылшын тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы) болды.

Конференциядан кейін қонақтар біздің балабақшамен танысып, ерекше әсерде қалды!

Балабақшадағы түрлі әдістемелерді көрсеттік және заманауи технологиялардың оқуды шынымен қызықты әрі тиімді етуге қалай көмектесетінін тілге тиек еттік.

 Біздің балабақшаны әлемдік білім беру көшбасшыларының қатарына қосу ерекше қуантады.