




«Қарлығаш» балабақшасы мен Бибігүл Төлегенова атындағы шығармашылық мектебі (BTCS) арасында меморандумға қол қойылды!
BTCS – бұл тек қана білім ордасы емес, бұл – креативті ойлау мен шығармашылық қабілетті дамытатын заманауи алаң. Мұнда балалар Music, Digital, Art, STEM бағыттары бойынша терең білім алып, өз дарынын ашуға мүмкіндік алады.
Бұл серіктестік арқылы біз әр балаға шабыт сыйлап, оның шығармашылық әлеуетін еркін дамытуға жол ашамыз. Ерекше ойлайтын, жан-жақты дамыған ұрпақ – болашағымыздың кепілі!
«Қарлығаш» балабақшасы – шығармашылықтың алғашқы қадамы!