Басты бетҰлттық құндылықтарға негізделген білім беру ортасы

Ұлттық құндылықтарға негізделген білім беру ортасы

Ұлттық құндылықтарға негізделген білім беру ортасы Ұлттық құндылықтарға негізделген білім беру ортасы Ұлттық құндылықтарға негізделген білім беру ортасы

«Қарлығаш» балабақшасында «Ұлттық құндылықтарға негізделген білім беру ортасы» тақырыбында №4 педагогикалық кеңес ұйымдастырылды. Кеңестің басты мақсаты – ұлттық құндылықтар арқылы білім беру процесін жетілдіру жолдарын қарастыру, тиімді тәсілдер мен технологияларды анықтау, педагогтердің кәсіби ойлау қабілетін дамыту.

Кеңес барысында педагогтер ұжымдық және топтық жұмыстарға қатысып, ұлттық тәрбие мен оқыту мәселелері бойынша пікір алмасты. Педагогтер  білім беру кеңістігін жабдықтау тәжірибелерімен бөлісіп, өздері дайындаған дидактикалық материалдарды қолдана отырып шеберлік сағатын өткізді.

Кеңес соңында алдағы оқу-тәрбие жұмыстарының бағыттары нақты айқындалып, қатысушылар арасында сұрақ-жауап түрінде еркін пікір алмасу ұйымдастырылды.