Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасында №5 педагогикалық кеңес өтті.
Кеңестің тақырыбы: «2024–2025 оқу жылының қорытындысын шығару: жасалған жолды саралап, болашаққа шабыттану».
Педкеңес барысында жыл бойы атқарылған жұмыс сараланып, кәсіби өсу, медициналық сүйемелдеу, ұжымдық рух пен баланың амандығына бағытталған шаралар талқыланды. Жылдың жарқын сәттері бейнеролик арқылы көрсетіліп, педагогтерге алғыс айтылды. Кеңес шешімдері білім сапасын арттыруға бағытталып, болашақ міндеттер нақтыланды.