Басты бетӘр бала - кішкентай өнертапқыш»: шығармашылықты оятудың заманауи жолы

Әр бала - кішкентай өнертапқыш»: шығармашылықты оятудың заманауи жолы

Әр бала - кішкентай өнертапқыш»: шығармашылықты оятудың заманауи жолы Әр бала - кішкентай өнертапқыш»: шығармашылықты оятудың заманауи жолы Әр бала - кішкентай өнертапқыш»: шығармашылықты оятудың заманауи жолы Әр бала - кішкентай өнертапқыш»: шығармашылықты оятудың заманауи жолы Әр бала - кішкентай өнертапқыш»: шығармашылықты оятудың заманауи жолы Әр бала - кішкентай өнертапқыш»: шығармашылықты оятудың заманауи жолы

15 жылдық тарихы бар «Қарлығаш» балабақшасында балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға заманауи әрі инновациялық тәсілдер арқылы ерекше көңіл бөлінеді.

Бұл туралы Newsroom.kz ақпараттық-сараптамалық порталына берген сұхбатында тәрбиеші Айнұр Хасенқызы айтып өтті. Ол - күнделікті жұмысында жаңашыл әдістерді батыл қолданатын тәжірибелі маман.

Биыл 15 жылдығын атап өтіп отырған «Қарлығаш» балабақшасы - мектепке дейінгі білім беру саласындағы флагман мекемелердің бірі болып табылады. Жылдар бойы балабақша озық тәжірибелер мен инновациялық тәсілдерді табысты енгізіп, ерте дамудың жаңа бағыттарына жетекшілік етіп келеді.

Мұнда қолданылып жатқан әдістер жаһандық білім беру үрдістеріне сай келеді: хромакей технологиясы бүгінде АҚШ, Финляндия, Сингапур елдерінде кеңінен қолданылады және ЮНЕСКО тарапынан ерте жастағы білім берудің тиімді құралы ретінде ұсынылған.

Айнұр ханымның айтуынша, әр баланың бойында қиялға толы ерекше әлем бар, ал ересектердің міндеті -  сол әлемді өшірмей, керісінше, оны ашуға көмектесу. Егер бала ертегі ойлап тауып немесе ерекше сурет салса, оны шектеудің орнына қолдау көрсетіп, дұрыс бағыт беру қажет. Бұл - баланың өзіндік көзқарасы бар, сенімді тұлға болып қалыптасуына негіз болады.

Айнұр ханымның тәжірибесінде маңызды құралдардың бірі - хромакей (Chroma Key) әдісі. Бұл тәсілдің көмегімен балалар ертегі кейіпкерлеріне айналып, виртуалды саяхат жасайды, табиғат құбылыстарын сахналайды және өз дауысы мен эмоциясын жазып, шағын бейнероликтер жасайды.

Мұндай әдіс қызықты болумен қатар, балалардың сөйлеу мәдениетін, өзін-өзі ұстау қабілетін, коммуникативтік және шығармашылық мүмкіндіктерін дамытады. Әсіресе тұйық балалардың ашыла бастауы анық байқалады - олар өз ойын еркін жеткізе бастайды.

Бұл жұмыс ұлттық тәрбие мен заманауи цифрлық технологияларды үйлестіретін «Бастау» авторлық бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Бағдарлама баланың жан-жақты дамуына бағытталған және жобаға негізделген, шығармашылық оқыту қағидаттарына сүйенеді.

Айнұр Хасенқызы қазіргі балалар визуалды контентпен - YouTube, TikTok, Instagram платформаларымен тығыз байланыста өсіп келе жатқанын атап өтті. Егер осы қызығушылықты дұрыс арнаға бұрса, бала тек көрермен емес, өз ойын жеткізетін авторға айналады. Бұл - баланың креативті ойлау, медиасауаттылық және дербес шешім қабылдау сияқты болашақта қажет маңызды дағдыларын қалыптастырады.

Педагог ата-аналарға үйде шығармашылық орта қалыптастыруды ұсынады. Күнделікті қолданыстағы заттар, түрлі-түсті қағаз, бояулар және соны  қиялға ұштастыру жеткілікті.

Себебі баланың қиялына бүгін қолдау көрсету - оның ертеңгі табысты болашағына сенімді негіз қалау деген сөз.

Материалдың толық нұсқасын келесі сілтеме арқылы оқи аласыз: newsroom.kz