Басты бет«Қарлығаш» – Қазақстандағы мектепке дейінгі білім беру саласының флагманы жетекші білім беру сара...

«Қарлығаш» – Қазақстандағы мектепке дейінгі білім беру саласының флагманы жетекші білім беру сарапшыларын қабылдап, ынтымақтастық перспективаларын талқылады

«Қарлығаш» – Қазақстандағы мектепке дейінгі білім беру саласының флагманы жетекші білім беру сарапшыларын қабылдап, ынтымақтастық перспективаларын талқылады «Қарлығаш» – Қазақстандағы мектепке дейінгі білім беру саласының флагманы жетекші білім беру сарапшыларын қабылдап, ынтымақтастық перспективаларын талқылады «Қарлығаш» – Қазақстандағы мектепке дейінгі білім беру саласының флагманы жетекші білім беру сарапшыларын қабылдап, ынтымақтастық перспективаларын талқылады «Қарлығаш» – Қазақстандағы мектепке дейінгі білім беру саласының флагманы жетекші білім беру сарапшыларын қабылдап, ынтымақтастық перспективаларын талқылады «Қарлығаш» – Қазақстандағы мектепке дейінгі білім беру саласының флагманы жетекші білім беру сарапшыларын қабылдап, ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Ғабит Бекахметов бастаған инновациялық мектептер желісінің командасымен кездесу ұлттық және халықаралық әріптестікті кеңейтудің жаңа қадамына айналды

Астана, 2025 жылғы 13 тамыз.  Бүгін ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы РМК директоры Гүлшат Онланбекқызы білім беру саласының танымал педагогі әрі сарапшысы, халықаралық оқу бағдарламалары бар инновациялық мектептер желісінің негізін қалаушы (Астана қаласындағы РФМШ филиалы, Urban School және Perspective School), сондай-ақ Қазақстанда «Сингапур математикасы» және АҚШ-тың Advanced Placement бағдарламасын енгізудің негізгі бастамашысы болып табылатын Ғабит Бекахметов бастаған сарапшылар тобын қабылдады.

Кездесу барысында қонақтар Еуропа, Америка және Азияның жетекші білім беру орталықтарымен, сондай-ақ ұлттық министрліктермен және бейіндік халықаралық ұйымдармен әріптестік аясында инновациялық әдістемелерді енгізу және заманауи білім беру бағдарламаларын әзірлеу тәжірибелерімен бөлісті.

Сарапшылар «Қарлығаш» балабақшасының білім беру философиясы мен тәжірибесіне ерекше қызығушылық танытты. Директор Гүлшат Онланбекқызы балабақша бойынша экскурсия өткізіп, оқу және ойын бөлмелерін, мамандар кабинеттерін, спорт және музыка залдарын таныстырып, тәрбиеленушілерді жан-жақты сүйемелдеу жүйесінің маңызды бөлігі саналатын медициналық қызметтің жұмысын көрсетті. Қонақтар балабақшаның күнделікті жұмысында заманауи білім беру технологиялары мен балалардың денсаулығы мен эмоционалдық әл-ауқатына қамқорлықтың үйлесімді ұштасуына куә болып, жасалған жағдайлардың ауқымы мен сапасына шынайы таңданыстарын білдірді.

Ерте жастағы балаларды дамытуға арналған авторлық «Бастау» әдістемесі мен баланы физикалық, интеллектуалдық, эмоционалдық және әлеуметтік тұрғыдан кешенді сүйемелдеу жүйесі қонақтардың ерекше назарын аударды. Сарапшылардың айтуынша, мұндай кешенді тәсіл халықаралық деңгейде де сирек кездеседі.

Олар «Қарлығаш» ұлттық флагмандық алаң әрі ҚР БҒМ Мектепке дейінгі педагогикалық тәжірибенің озық үлгілерін тарату және енгізу орталығы ретінде ел ішінде көшбасшылықты сақтап қана қоймай, сонымен қатар Қазақстанды халықаралық аренада лайықты таныстырып, жаһандық білім беру жүйесінің толыққанды қатысушысы және шетелдік әріптестер үшін озық тәжірибе көзі бола алатынын атап өтті.

Өз кезегінде, директор Гүлшат Онланбекқызы балабақшаның еліміздің мектепке дейінгі білім беру жүйесінде озық тәжірибені кеңінен таратуға, алдыңғы қатарлы технологиялар мен инновациялар орталығы ретіндегі мәртебесін дамытуға, сондай-ақ жаңа идеялар мен шешімдердің генераторы ретінде халықаралық білім беру кеңістігіне белсенді қатысуға бағытталғанын растады.

Тараптар тәжірибе алмасу және бірлескен білім беру жобаларын іске асыру саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша қонақтар жылы қабылдау үшін алғыстарын білдіріп, ұзақ мерзімді әріптестік пен ортақ бастамаларды дамытуға бағытталған әрі қарайғы конструктивті диалогқа мүдделілік танытты.