


Әрбір балабақшада өзіне тән көзге көрінбейтін қаһарман бар — оны мерекелік ертеңгіліктерден немесе сәбилер тобының арасынан сирек көресіз, бірақ онсыз жарық жанбайды, краннан су ақпайды, музыка ойнамайды, деп хабарлайды BöriTimes.
Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасында онсыз бұл ұжымның жұмысын елестету мүмкін емес адам бар – шаруашылық меңгерушісі Жақсыбаева Жұлдызай Тынымқұлқызы. Ол 15 жыл бойы тәртіп, жайлылық пен қауіпсіздікке жауап беріп, балалардың бақытты балалық шағына және педагогтардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасап келеді.
2010 жылы іс жүргізуші болып бастаған Жұлдызай Тынымқұлқызы бүгінде балабақшаның әр бұрышын білетін, жылыту жүйесінен бастап ойыншықтардың бүтіндігін бақылауға дейінгі барлық үдерістерді жеке қадағалайтын басты тұлғаға айналды. «Экономист-бухгалтер» мамандығы және логистика, сапа, ұйымдастыру бойынша ондаған курстар оған міндеттерді жедел әрі нақты шешуге мүмкіндік береді.
«Ерлерге тән» деп саналатын бұл қызметте ол техникалық дағдыларды ұқыптылық пен қамқорлықпен ұштастырып, мәселелерді алдын ала болжау мен қауіптің алдын алу ісін өзінің басты миссиясы санайды.
Әріптестері оны шебер, логист және тәлімгер деп атайды: ол жаңадан келген қызметкерлерді үйретеді, қиын жағдайда қолдау көрсетеді, әрдайым байланыста. Жұмысы мен балабақшаны дамытуға қосқан үлесі үшін бірнеше рет мақтау қағаздары мен алғыс хаттарға ие болды.
Еңбек мамандықтары жылы аясында оның еңбегі – көзге көрінбейтін, бірақ балабақшаның үйлесімді жұмысын және балалардың жайлы, қауіпсіз өмір сүруін қамтамасыз ететін шынайы тірек.
Мақаланың толық мәтінін boritimes.kz сілтемесі арқылы оқи аласыз.