
«Қарлығаш» балабақшасының 15 жылдық мерейтойы аясында ҚР ПІБ Медициналық орталығы «Қарлығаш» балабақшасының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚР ЖАК доценті, қауымдастырылған профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы диссертациялық кеңестің төраға орынбасары Гүлшат Онланбекқызы Zakon.kz порталына берген сұхбатында балабақшаның даму тарихымен және оның миссиясымен бөлісті. Оның айтуынша, балабақша – тек балаға қарау орны емес, тұлғаның іргетасы қаланатын, негізгі құндылықтар қалыптасатын кеңістік.
15 жыл ішінде «Қарлығаш» 240 орындық шағын ғимараттан 750 балаға арналған заманауи корпустар желісіне дейін өсті. Бұл тек көлемінің ұлғаюы ғана емес, сапалық өзгерістер кезеңі болды: балабақша республикалық деңгейдегі флагмандық алаңға және мектепке дейінгі білім берудің үздік тәжірибелерін әзірлейтін әрі тарататын құзыреттер орталығына айналды. Жұмыстың маңызды нәтижелерінің бірі – Қазақстандағы алдыңғы қатарлы бағдарламалардың бірі ретінде мойындалған авторлық «Бастау» бағдарламасы.
Өз тәсілдерін жетілдіре отырып, «Қарлығаш» баланы жан-жақты дамытуға ерекше көңіл бөледі. Мұнда базалық біліммен қатар XXI ғасыр дағдылары: креативтілік, сыни ойлау, коммуникация және командада жұмыс істеу қабілеттері қалыптасады. Бұған Reggio, STEAM, сингапур математикасы, SMART-оқыту сияқты халықаралық әдістемелер мен білім беру процесін жандандыратын заманауи технологиялар ықпал етеді.
15 жылдық даму қорытындысында «Қарлығаш» Қазақстанда алғашқы болып NAEYC аккредитациясын және ISO 9001:2015 сертификатын алған балабақша атанды. Бұл тәжірибе көрсеткендей, сапалы мектепке дейінгі білім – баланың болашағының берік іргетасы, оған тез өзгеріп жатқан әлемде сенімді бейімделуге және дамуға көмектеседі.
Толығырақ сілтеме бойынша оқи аласыз:https://www.zakon.kz/press-relizy/6488731-sreda-gde-formiruetsya-lichnost--direktor-detsada-medtsentra-upravleniya-delami-prezidenta-rk-o-svoey-missii.html