2025 жылғы 3 қыркүйекте балабақшада мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік білім беру саясатын жүзеге асырудың бірыңғай тәсілін қамтамасыз ету және 2025–2026 оқу жылындағы педагогикалық ұжымның негізгі міндеттерін айқындау мақсатында алғашқы педагогикалық кеңес №1 өтті.
Кеңес жұмысына 80-нен астам педагог қатысты.
Талқылау барысында алдыңғы педагогикалық кеңестің шешімдерінің орындалуына талдау жасалды, балалармен жүргізілген жазғы сауықтыру жұмыстарының қорытындылары шығарылып, «Жазғы вайб!» бейнепрезентациясымен толықтырылды.
Іс-шара барысында келесі негізгі тақырыптар қозғалды:
- тәрбие-білім беру үдерісін ұйымдастыру, жылдық жоспарды бекіту;
- «Бастау» бағдарламасын іске асыру аясында жаңа модульдерді әзірлеу;
- білім сапасын мониторингтеу және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту;
- балалардың тамақтану және сауықтыру жүйесін жетілдіру.
Педагогтердің кәсіби дамуына ерекше көңіл бөлінді: аттестаттау бойынша куәліктер табысталып, біліктілікті жетілдіру тетіктері талқыланды.
Іс-шара соңында педагогтар №1 педагогикалық кеңестің шешім жобасын қабылдады.
Сонымен қатар «Көңілді серуендегі қызықты ойындар» атты көрме ұйымдастырылып, балалардың серуен кезіндегі ойын әрекеттерін түрлендіруге арналған әдістемелік және ойын материалдары ұсынылды.