Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығы басшысының орынбасары Людмила Бюрабекова «Қарлығаш» балабақшасының ұж...

ҚР ПІБ Медициналық орталығы басшысының орынбасары Людмила Бюрабекова «Қарлығаш» балабақшасының ұжымымен кездесіп, мемлекет Басшысының Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді

ҚР ПІБ Медициналық орталығы басшысының орынбасары Людмила Бюрабекова «Қарлығаш» балабақшасының ұжымымен кездесіп, мемлекет Басшысының Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді ҚР ПІБ Медициналық орталығы басшысының орынбасары Людмила Бюрабекова «Қарлығаш» балабақшасының ұжымымен кездесіп, мемлекет Басшысының Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді ҚР ПІБ Медициналық орталығы басшысының орынбасары Людмила Бюрабекова «Қарлығаш» балабақшасының ұжымымен кездесіп, мемлекет Басшысының Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді ҚР ПІБ Медициналық орталығы басшысының орынбасары Людмила Бюрабекова «Қарлығаш» балабақшасының ұжымымен кездесіп, мемлекет Басшысының Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді ҚР ПІБ Медициналық орталығы басшысының орынбасары Людмила Бюрабекова «Қарлығаш» балабақшасының ұжымымен кездесіп, мемлекет Басшысының Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді ҚР ПІБ Медициналық орталығы басшысының орынбасары Людмила Бюрабекова «Қарлығаш» балабақшасының ұжымымен кездесіп, мемлекет Басшысының Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы басшысының орынбасары Людмила Бюрабекова «Қарлығаш» балабақшасының үш нысанына барып, ұжыммен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге арналған кездесу өткізді.

Кездесу барысында Людмила Бюрабекова Жолдаудың негізгі ережелеріне және олардың мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жүйесі үшін маңызына жан-жақты тоқталды.

Ерекше назар Мемлекет басшысының Жолдауының жетінші тарауына арқау болған адами капиталды дамыту мәселесіне аударылды. Ол сапалы адами ресурсты қалыптастыру дәл осы мектепке дейінгі білім беру буынынан басталатынын атап өтті. Дәл осы кезеңде сыни ойлау, зерттеушілік қызығушылық, эмоциялық интеллект және еңбекке құрмет сынды болашақта балаларға цифрлық экономика сын-қатерлеріне бейімделіп, бәсекеге қабілетті маман болуға көмектесетін қасиеттердің іргетасы қаланады.

Осыған байланысты Мемлекет басшысы басым бағыттардың бірі ретінде айқындаған цифрлық трансформация мектепке дейінгі ұйымдарға тікелей қатысты. «Қарлығаш» үшін бұл балаларға оқу процесін мультимедиялық ресурстар мен интерактивті тапсырмалар арқылы қызықты әрі мазмұнды етуге, сондай-ақ әр баланың даму қарқыны мен ерекшеліктерін ескеретін жеке көзқарасты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін цифрлық платформалар мен сервистерді белсенді енгізуді білдіреді.

Тәрбие процесінде цифрлық технологиялар ата-аналармен байланысты нығайтуға көмектеседі: отбасылар педагогтардың ұсынымдарын, күнделікті есептер мен жаңалықтарды уақтылы алып, өзара іс-қимылдың ашықтығы мен тиімділігі артады. Сонымен қатар, цифрландыру қағазбастылықты азайтып, педагогтарға ең бастысы – балалармен қарым-қатынас пен жұмысқа көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді. Жаңа құралдар тірі қарым-қатынас, ойын және шығармашылықты алмастырмай, оларды толықтыра түсуі маңызды. Бұл балаларға дамудың қосымша мүмкіндіктерін ашып, ең ерте жастан бастап цифрлық сауаттылықтың негіздерін қалыптастыруға септігін тигізеді.

Сондай-ақ кездесуде педагогтардың заманауи технологиялар саласындағы құзыреттерін арттыру және оқу-тәрбие процесіндегі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қозғалды.

Сапар соңында Людмила Бюрабекова «Қарлығаш» ұжымы инновацияларды өз қызметіне тиімді енгізе отырып, басты миссияны – балаларға қамқорлық көрсетіп, олар үшін қолайлы әрі дамытушы орта қалыптастыруды басымдық ретінде сақтайтынына сенім білдірді.