Басты бетРМК «Қарлығаш» балабақшасында педагогтарға арналған «Бастау» бағдарламасы бойынша оқыту вебинары...

РМК «Қарлығаш» балабақшасында педагогтарға арналған «Бастау» бағдарламасы бойынша оқыту вебинары өтті

РМК «Қарлығаш» балабақшасында педагогтарға арналған «Бастау» бағдарламасы бойынша оқыту вебинары өтті РМК «Қарлығаш» балабақшасында педагогтарға арналған «Бастау» бағдарламасы бойынша оқыту вебинары өтті РМК «Қарлығаш» балабақшасында педагогтарға арналған «Бастау» бағдарламасы бойынша оқыту вебинары өтті РМК «Қарлығаш» балабақшасында педагогтарға арналған «Бастау» бағдарламасы бойынша оқыту вебинары өтті

2025 жылғы 20 - 25 қыркүйек аралығында ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының РМК «Қарлығаш» балабақшасының педагог қызметкерлері үшін офлайн-форматта оқыту вебинары ұйымдастырылды. Іс-шара «Бастау» авторлық білім беру бағдарламасының сәтті апробациядан өткен модульдерін енгізуге және жаңа бөлімдерін сынақтан өткізуге арналды.

 Биыл «Қарлығаш» балабақшасы бағдарламаның бастапқы бөлімдеріне - қимыл-қозғалыс белсенділігін дамыту («Доптар әртүрлі керек, доптар әртүрлі маңызды!», «Жүруден бұрын жүзуді үйрен!») және когнитивті-коммуникативтік дамуға («Этникалық ертегілер») ресми түрде авторлық құқық алды. Мұндай тәсіл балалардың салауатты әдеттерін, сөйлеу және танымдық дағдыларын қалыптастыруға, ұлттық құндылықтардың бай мұрасын бойына сіңіруге мүмкіндік береді.

Вебинарға барлық нысандардан шамамен 100 педагог қатысты. Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және инновацияларды енгізу басқармасының қызметкерлері «Бастау» бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін таныстырып, жаңа модульдердің мазмұнымен егжей-тегжейлі таныстырды. Сондай-ақ диагностика жүргізу тәртібі мен эксперименттік және бақылау топтарының жұмысын ұйымдастыру жолдарын түсіндірді.

Ерекше көңіл бағдарламаны сынақтан өткізу мен оны тарату мәселелеріне аударылды. Айта кету керек, бүгінде «Бастау» бағдарламасы пилоттық режимде елдің жеті өңіріндегі 16 мектепке дейінгі ұйымдарда - Астанада, Абай, Батыс Қазақстан, Жетісу, Қарағанды, Маңғыстау және Павлодар облыстарында жүзеге асырылуда.

«Бастау» бағдарламасына шетелдік әріптестер де қызығушылық білдіруде. Осы күндері Ресейден келген педагогтардың қатысуымен «Қарлығаш» балабақшасында өткен халықаралық тағылымдама барысында «Бастау» бағдарламасының бірегейлігі атап өтілді: заманауи технологиялардың білім беру үдерісіне жоғары деңгейде енгізілуі ұлттық кодпен үйлесімді ұштасқан. Шетелдік мамандар бағдарламаның халықаралық тәжірибеде қолданылу әлеуетін ерекше атап өтті.

Осылайша, «Қарлығаш» балабақшасының тәжірибесі біртіндеп кеңейіп, бағдарламаның өзі республика көлеміндегі педагогтар мен балаларға қолжетімді бола түсуде. Ұзақ мерзімді перспективада «Бастау» сапалы мектепке дейінгі білім берудің бірыңғай стандартының негізін құрап, жас ұрпақтың денсаулығын нығайтуға, үйлесімді дамуына және мәдени құндылықтарға баулуға бағытталған.