





Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасында Ұстаздар күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Бұл мереке педагогтардың кәсібилігін, еңбексүйгіштігін және жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан өлшеусіз үлесін мойындаудың айқын көрінісі болды.
2025 жылғы еңбек нәтижелері бойынша 16 қызметкер ведомстволық және кәсіпорындық марапаттарға ие болды.
ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Үздік еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталғандар:
- Тусупова Куралай Мерекеновна – мектепке дейінгі білім беру сапасын мониторингтеу және бағалау басқармасының жетекші маманы;
- Набатова Нуржан Айтуовна – №1 нысанның әдіскері;
- Елеуова Бибигүл Әбішқызы – №3 нысанның қосымша білім беру маманы;
- Северина Анна Юрьевна – №3 нысанның жүзу нұсқаушысы;
- Байталиева Роза Қыдырбайқызы – №1 нысанның логопеді.
ҚР ПІБ Медициналық орталығының Құрмет грамотасымен марапатталған:
- Акимбекова Сауле Икласовна – №2 нысанның тәрбиешінің көмекшісі.
ҚР ПІБ Медициналық орталығының Алғыс хатымен марапатталғандар:
- Умишева Карлыгаш Сайтмуратовна – №1 нысанның тәрбиешісі;
- Тулебаева Мира Кенжегариновна – №3 нысанның тәрбиешісі;
- Азирахмет Әсемгүл – №3 нысанның тәрбиешісі;
- Наурузова Фарида Жұмаевна – №2 нысанның тәрбиешісі.
«Қарлығаш» балабақшасының Құрмет грамотасымен марапатталғандар:
- Алдабергенов Аян Қайырбекұлы – №2 нысанның жүзу нұсқаушысы;
- Аубакирова Жаннат Елемесовна – №2 нысанның тәрбиешінің көмекшісі;
- Турлыбекова Айгүл Арапбаевна – №3 нысанның тәрбиешінің көмекшісі.
«Қарлығаш» балабақшасының Алғыс хатымен марапатталғандар:
- Мамбеталиева Гүлсара Жұмабековна – №1 нысанның тәрбиешісі;
- Түсүпбекова Жұлдыз Елемесқызы – №1 нысанның тәрбиешісі;
- Мусина Айгерім Атығаевна – №3 нысанның тәрбиешінің көмекшісі.
Бұл марапаттар – педагогтар мен тәрбиешілердің еңбегіне берілген әділ баға. Олар күн сайын балаларға қамқорлық танытып, олардың жан-жақты дамуына жол ашып келеді.
«Қарлығаш» балабақшасының ұжымы марапат иелерін шын жүректен құттықтап, еңбектеріне шығармашылық табыс, шабыт және жаңа жетістіктер тілейді.