




Астана қаласы әкімдігі Білім басқармасы мен «Астана дарыны» дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығы ұйымдастырған балалар шығармашылығының «Елорданың еркетайы» қалалық байқауында «Қарлығаш» балабақшасының «Қошақан», «Арай» және «Барыс» мектепалды топтарының тәрбиеленушілері жүлделі орындарға ие болды. «Елорданың еркетайы» байқауы мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, тәрбиеленушілердің эстетикалық талғамын қалыптастыруға және музыкалық дарындылығын қолдауға бағытталған.
«Қошақан» тобының тәрбиеленушісі Иргебай Аяла «Вокал (соло орындау)» номинациясы бойынша «Отан» әнін шебер орындап III орынға ие болды. Әділқазылардың бағалауы бойынша оның орындаған әні 27 қатысушының ішіндегі ең үздік деп танылды.
«Арай» және «Барыс» топтарының бүлдіршіндері «Мәңгі жаса, Қазақстан» әнін орындап, «Вокалдық ансамбль» номинациясында III орынға ие болды. Бұл топ 50-ден астам балабақша арасынан үздік деп танылды.
Жас орындаушылар сахнада сенімді өнер көрсетіп, әннің әуезділігін, сахналық мәдениетін көрсете білді. Қазылар алқасы балалардың табиғи эмоциясын, орындаушылық мәнерін және ансамбльдік үйлесімін жоғары бағалады.
Иргебай Аяла мен вокалдық топты дайындаған музыкалық жетекшілер Рахымжанова Бақыт Базарханқызы мен Мухатова Орал Аймағамбетқызының кәсібилігі мен шығармашылық қолдауы бұл жетістікте ерекше рөл атқарды. Педагогтардың ықыласы мен шабыттандыра білген еңбегі тәрбиеленушілерге өз қабілетін ашуға, сахнада еркін өнер көрсетуге және лайықты нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Байқауға қатысу балаларға жаңа тәжірибе мен сенімділік сыйлап, олардың шығармашылыққа деген қызығушылығын арттырып, сахналық мәдениетін дамытты. Жас таланттардың бұл жетістігі қатарластарына үлгі болуға, өнерге қызығушылық танытуға, жаңа белестерге талпынуға ынталандырады.