2025 жылғы 14 қазанда ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы базасында «Бастау» бағдарламасы бойынша этникалық ертегілер мен интерактивті іс-әрекеттер – мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық-сөйлеу қабілеттерін дамытудың тиімді құралы» атты тақырыппен педагогтерге арналған оқыту семинары өтті.
Іс-шараға кәсіпорынның балабақша меңгерушілері, әдіскерлері, тәрбиешілері мен педагогтер қатысты.
Семинар 3-6 жастағы балалардың танымдық және сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған авторлық «Бастау» бағдарламасын ендіруге арналды. Бағдарлама этникалық ертегілерді және интерактивті тәсілдерді қолдану арқылы балалардың сөйлеуін табиғи әрі қызықты жолмен дамытуға мүмкіндік береді.
Семинардың жүргізушісі, білім беру бағдарламаларын әзірлеу және инновацияны енгізу басқармасының басшысы Света Муралимова: «Бүгінгі таңда баланы тек сөйлетіп қана қоймай, оны ойлауға, сезінуге және сөз арқылы түсінуге үйрету маңызды. Этникалық ертегілер – бұл мәдениеттің және баланың тілінің де, жеке тұлға ретінде дамуына да көмектесетін образдың бастауы», – деп атап өтті.
Семинар барысында қатысушылар бағдарламаның әдістемелік ұсынымдарымен, құрылымымен және интерактивті іс-әрекеттердің ерекше алгоритмімен танысты:
Мультфильмді/аудио ертегіні қарау - Оқу - Интерактивті іс-әрекет
Сонымен қатар «Кэшбэк» ойын әдістемесі арқылы балалардың белсенділігін арттыру жолдары мен педагогикалық диагностиканың, яғни балалардың танымдық-сөйлеу даму деңгейін бағалау әдістері қарастырылды.
Семинар шеберлік сағаты мен практикум элементтерімен өткен интерактивті форматта ұйымдастырылды.
Педагогтер нақты мысалдар арқылы бағдарламаны «Тіл дамыту», «Көркем әдебиет» және «Таным» білім беру салаларына қалай кіріктіруге болатынын көрді.
Қатысушылардың айтуынша, семинар тәжірибе алмасудың және кәсіби шабыттың маңызды алаңына айналды.
«Бастау» бағдарламасы ертегі арқылы балалармен олардың тілімен сөйлесуге болатынын көрсетті. Бұл оқытып қана қоймай, баланы қызықтыра отырып, дамыту жолы», – деп өз ойымен бөлісті қатысушы тәрбиеші.