Қазақстан Республикасы күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Жоғары кәсібилік танытып, денсаулық сақтау жүйесін дамытуға және Медициналық орталықтың табысты қызметіне елеулі үлес қосқан қызметкерлер ведомстволық марапаттарға ие болды.
Марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары Бақыт Әбілдинов пен Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы Рустам Албаев қатысты. Олар қызметкерлерге адал еңбегі үшін алғыс білдіріп, берілген марапаттардың олардың көпжылдық еңбегі мен саланың дамуына қосқан зор үлесінің лайықты бағасы екенін атап өтті.
Қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып, көпжылдық адал еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Үздік еңбегі үшін» төсбелгісімен Гульнара Полуницкая, Аян Алдабергенов пен Алия Карасартова марапатталды.
Жоғары кәсібилігі мен жауапкершілігі, адал еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Құрмет грамотасымен Галина Чеснякова, ал Алғыс хаттарымен Гүлжихан Тоқтарбай мен Шолпан Мутанова марапатталды.
Денсаулық сақтау жүйесін дамытуға және мектепке дейінгі ұйымдардағы медициналық сүйемелдеуді сапалы қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің атынан Саида Халмухамедова Құрмет грамотасымен, ал Нургүл Дүйсенова Алғыс хатпен марапатталды.
Адал еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Құрмет грамотасымен Сабира Матиева марапатталды.
Ұйымның дамуына қосқан жеке үлесі мен жауапкершілігі үшін «Қарлығаш» балабақшасының директоры атынан Алғыс хаттармен педагогикалық, техникалық және әкімшілік қызмет өкілдері - Назгүл Асылханова, Ляззат Смаилова, Игорь Волохонский, Гүлжанат Кистаубаева, Семен Бондорцов, Асхат Абылаев, Валихан Казбаев, Нұрболат Идрисов және Нұр Нұрдәулетқызы марапатталды.
Салтанат жылы әрі көтеріңкі көңіл-күйде өтті. Марапат иелерін әріптестері құттықтап, кәсіби еңбегі мен адалдығына алғыс білдірді.
Республика күні - еліміздің бірлігі мен дамуының, сондай-ақ өз еңбегімен Қазақстанның жарқын болашағын нығайтып жүрген әрбір азаматтың еңбегін мойындаудың мерекесі.
Бұл марапаттар ұжымның жаңа жетістіктер мен табыстарға жетуіне шабыт пен серпін берсін.