Қазинформ ақпараттық порталында «Қарлығаш» балабақшасының кір жуу машиналары операторы Гүлнара Полуницкаяның еңбегі мен өміріне арналған әсерлі материал жарық көрді.
Гүлнара «Қарлығаш» балабақшасына 2009 жылғы желтоқсанда, яғни осыдан 15 жылдан астам бұрын балабақшаның алғашқы іргетасы қаланған кезде келген. Ол үшін тазалық - жай ғана жұмыс емес, балаларға деген қамқорлық пен сүйіспеншіліктің көрінісі.
Балабақшаны өз үйіндей көріп, әр бөлшегіне ұқыптылықпен қарайды: судың температурасын тексеріп, маталарды мұқият сұрыптайды.
«Таза киім - таза ар-ождан сияқты. Айналаң жинақы болса, көңілің де көншіп қалады», - дейді Гүлнара.
Ол тек өз ісінің шебері ғана емес, балаларға қуаныш сыйлаушы жан. Көп жылдан бері ертеңгіліктер мен мерекелерде түрлі кейіпкерлердің бейнесін сомдап, бүлдіршіндерге ертегі сыйлайды. Әріптестері оны ұжымның рухани өзегі деп атайды.
Адал еңбегі мен жауапкершілігі үшін Гүлнара Полуницкая бірнеше мәрте марапатталған. Оның ішінде Есіл ауданы әкімінің Құрмет грамотасы және Республика күні қарсаңында табысталған «Үздік еңбегі үшін» төсбелгісі бар.
Бірақ ол үшін ең үлкен марапат - балалардың күлкісі мен балабақшадағы жылылық.
«Әркім өз ісіне жауапты. Ал мен тазалыққа жауаптымын. Бұл да тәрбиенің бір түрі», - дейді ол.
Материалдың толық нұсқасын Қазинформ сайтынан оқыңыз.