Басты бетХалықаралық институционалдық аккредиттеу қарсаңында «Қарлығаш» балабақшаларының басшылары мен әді...

Халықаралық институционалдық аккредиттеу қарсаңында «Қарлығаш» балабақшаларының басшылары мен әдіскерлері үшін семинар-тренинг өткізілді

Халықаралық институционалдық аккредиттеу қарсаңында «Қарлығаш» балабақшаларының басшылары мен әдіскерлері үшін семинар-тренинг өткізілді Халықаралық институционалдық аккредиттеу қарсаңында «Қарлығаш» балабақшаларының басшылары мен әдіскерлері үшін семинар-тренинг өткізілді Халықаралық институционалдық аккредиттеу қарсаңында «Қарлығаш» балабақшаларының басшылары мен әдіскерлері үшін семинар-тренинг өткізілді

2025 жылғы 3 қарашада Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» РМК халықаралық институционалдық аккредиттеуден өту қарсаңында Білім беру сапасын бағалаудың халықаралық аккредиттеу тәуелсіз агенттігі (МАНАоКО) сарапшылары басқарма басшылары, балабақша меңгерушілері мен әдіскерлеріне арналған семинар-тренинг өткізді.

Семинар-тренингті агенттік директоры Гүлнара Құсайденова мен агенттіктің академиялық үйлестірушісі Ләззат Бүлебаева жүргізді.

Іс-шараның мақсаты – институционалдық аккредиттеу рәсімдері мен кезеңдері туралы басшы және педагог кадрлардың хабардарлығын арттыру, сондай-ақ тәрбие-білім беру үдерісінің сапасын қамтамасыз ету бойынша тәжірибе алмасу.

Семинар барысында қатысушыларға аккредиттеуден өтудің негізгі қағидаттары, критерийлері мен кезеңдері таныстырылып, ұйым қызметін өзін-өзі бағалау және есептік құжаттаманы дайындау тәсілдері егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Халықаралық аккредиттеудің білім сапасын объективті бағалау құралы ретіндегі маңызына, даму стратегиясының күшті және әлсіз жақтарын талдауға, инновацияларды әзірлеу мен енгізуге баса назар аударылды. Қатысушылар аккредиттеуден сәтті өту ұйымның имиджін нығайтып, оның жетістіктерінің халықаралық деңгейде мойындалуына ықпал ететінін атап өтті.