Басты бет«Қарлығаш» балабақшасындағы инфрақызыл сауна: балалар денсаулығына арналған жылу

«Қарлығаш» балабақшасындағы инфрақызыл сауна: балалар денсаулығына арналған жылу

«Қарлығаш» балабақшасындағы инфрақызыл сауна: балалар денсаулығына арналған жылу «Қарлығаш» балабақшасындағы инфрақызыл сауна: балалар денсаулығына арналған жылу «Қарлығаш» балабақшасындағы инфрақызыл сауна: балалар денсаулығына арналған жылу «Қарлығаш» балабақшасындағы инфрақызыл сауна: балалар денсаулығына арналған жылу

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасында балалардың денсаулығына қамқорлық күнделікті тәрбие үдерісіне табиғи түрде ендірілген. Солардың бірі – инфрақызыл сауна, яғни иммунитетті нығайтып, жалпы физикалық тонусты сақтауға бағытталған заманауи және қауіпсіз жылу процедурасы.

Дәстүрлі сауналардан ерекшелігі - инфрақызыл кабина ауаны емес, дененің өзін тікелей жылытады. Ол үшін күн сәулесіне ұқсас, бірақ ультракүлгінсіз инфрақызыл толқындар қолданылады. Мұндай тәсіл денені бірнеше сантиметрге дейінгі тереңдете қыздырады, ал температура небәрі 45-60 °C шамасында болады. Бұл балалар үшін жайлы және босаңсытатын әсер қалдырады. Сеанс 3-5 минутқа созылады және білікті мамандардың бақылауымен өтеді.

Инфрақызыл жылу ағзаға кешенді түрде әсер етеді. Бұл тершеңдікті күшейтеді және сол арқылы ағзадан шлактар мен токсиндер шығарылады - мұндай тердің құрамында әдеттегі қыздырынғаннан зиянда заттар көбірек бөлінеді. Сонымен қатар, бұлшықет те босаңсып, шаршауды басады, бұл белсенді ойын мен физикалық белсенділіктен кейін өте пайдалы. Тері жағдайы да жақсарады: жылу кішкентай жаралардың жазылуын жеделдетіп, тері тесіктерінің ашылуына және серпімділіктің артуына ықпал етеді.

Одан бөлек, инфрақызыл сауна иммундық жүйені табиғи түрде белсендіреді. Қан мен лимфа айналымының жақсаруы оттегі мен қоректік заттардың жасушаларға да тезірек әсер етеді, зат алмасу өнімінің шығарылуын жеңілдетеді. Бұл ағзаның қорғаныс функцияларын күшейтіп, сыртқы факторларға төзімділігін арттырады.

Жүрек-қан тамыр жүйесіне де жағымды әсері бар: қан тамырларының серпімділігі артып, жүрек ырғағы баяу ширықтырылады және төзімділік физикалық күш салмай-ақ қалыптасады. Әсіресе ауа райы тұрақсыз кезеңдерде - күз бен көктемде - бала ағзасы температуралық ауытқуларға бейім болғанда өзекті болмақ.

Күзгі-қысқы маусымда инфрақызыл сауна суық тиюдің алдын алуда пайдалы. Жылу арқылы ағзаның ішкі ресурстары іске қосылып, бала суыққа оңай бейімделеді әрі тоңып қалу қаупі азаяды. Бұл дәстүрлі дәрілік профилактикаға қауіпсіз балама ретінде қарастырылады және жалпы сауықтыру бағдарламасының бір бөлігі ретінде үнемі қолдануға жарамды.

«Қарлығаш» балабақшасында инфрақызыл сауна - жай ғана қосымша қызмет емес, баланың денсаулығын нығайтуға бағытталған жүйелі көзқарастың бір бөлігі. Ол оқу-тәрбие процесін толықтырып, әр тәрбиеленушінің физикалық амандығына жан-жақты қамқорлық көрсетуді қамтамасыз етеді.