Басты бет«Қарлығаш» балабақшасының өкілдері халықаралық конференцияға қатысты

«Қарлығаш» балабақшасының өкілдері халықаралық конференцияға қатысты

«Қарлығаш» балабақшасының өкілдері халықаралық конференцияға қатысты

2025 жылғы 30-31 қазанда Астана қаласында «Қазақстандағы әрбір бала үшін ең үздік бастама» халықаралық конференциясы өтті. Іс-шараның мақсаты - саясаткерлерді, сарапшыларды және мүдделі тараптарды біріктіріп, балалардың ерте даму стратегияларын тиімді жүзеге асыру болып табылады.

Конференцияға министрліктердің, халықаралық ұйымдардың, соның ішінде ЮНИСЕФ-тің өкілдері, сондай-ақ балабақша білім беру саласының мамандары қатысты. «Қарлығаш» балабақшасын тәрбие және білім беру жөніндегі директордың орынбасары, медициналық директор және әдіскерлер ұсынды.

Конференцияның негізгі нәтижесі - 2025-2027 жылдарға арналған «Сәтті бастау» кешенді жоспарының бекітілуі және қол қойылуы болды. Жоспар баланы өмірінің алғашқы күнінен бастап қолдау жүйесін құруға бағытталған. Жоспардың негізгі басымдықтары:

- құқықтық базаны жетілдіру;

- салалараралық өзара іс-қимылды нығайту;

- мамандардың кәсіби құзыреттерін арттыру;

- балабақшалардың қолжетімділігін кеңейту;

- ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен олардың отбасыларын қолдау.

Конференция барысында «Қарлығаш» балабақшасының әдіскерлері халықаралық тәжірибемен танысып, тиімді әдістемелік тәсілдер бойынша тәжірибе алмасты. Алынған идеялар мен ұсыныстар балабақшаның қызметіне енгізіліп, балалардың жан-жақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталады.