АСТАНА. 11 қараша. 15 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медицина орталығының «Қарлығаш» балабақшасы тоғыз елден педагогтерді, ғалымдар мен сарапшыларды жинаған маңызды алаңға айналды. Мұнда «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру саласындағы озық тәжірибелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
«Қарлығаш» балабақшасының 15 жылдығына арналған шара отандық мектепке дейінгі білім беру саласындағы маңызды оқиғаға айналды. Конференцияға Норвегия, Катар, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Армения, Беларусь, Ресей және ЮНИСЕФ өкілдері, сондай-ақ ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім беру департаментінің, отандық жоғары оқу орындарының, білім басқармалары мен әдістемелік орталықтардың жетекшілері мен мамандары қатысты. Форум гибридтік форматта – офлайн және онлайн – ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балаларды ерте дамыту институтының қолдауымен өткізілді.
Конференцияның құрметті қонақтары қатарында «Қарлығаш» балабақшасын алғаш ашуға ат салысқан және білім беру ортасының дамуына елеулі үлес қосқан басшылар болды. Олардың тәжірибесі мен алғашқы жылдардағы естеліктері дәстүрлердің сабақтастығын көрсетіп, жинақталған тәжірибе мен инновациялық тәсілдер «Қарлығашта» қазіргі мектепке дейінгі білім беру бағыттарының қалыптасуына қалай әсер еткенін бағалауға мүмкіндік берді.
Алғаш сәттерінен бастап-ақ конференцияда заманауи бағыттар айқындалып, кәсіби халықаралық диалог құра отырып, пікір алмасу контексті белгіленді. «Қарлығаш» балабақшасында экскурсия жасау форумның ашылу бағдарламасының маңызды бөлігі болды, онда қатысушыларға медиашығармашылық арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік және танымдық дағдыларын дамытуға арналған авторлық жоба мен балалардың жан-жақты дамуына бағытталған «Бастау» авторлық бағдарламасы таныстырылды. Бұл тәжірибе теориялық идеялар мен практикалық тәжірибені үйлестіріп, мектепке дейінгі білім берудегі өзекті тәсілдерді әрі қарай талқылауға негіз болды.
Толық нұсқасын «Egemen Qazaqstan» басылымда оқи аласыз.