Басты бет«Шашбаулым» ұлттық-этнографиялық байқауынан жүлделі орын

«Шашбаулым» ұлттық-этнографиялық байқауынан жүлделі орын

«Шашбаулым» ұлттық-этнографиялық байқауынан жүлделі орын

12 қараша күні «Қарлығаш-3» балабақшасының тәрбиешісі Мира Кенжегаринқызы Тулебаева Астана қаласында өткен «Шашбаулым» ұлттық-этнографиялық байқауына қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді.

12 қараша күні Астана қаласында Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында мемлекеттік қызметшілер арасында «AMANAT» партиясының «Бірлік» аумақтық филиалы ұйымдастырған «Шашбаулым» ұлттық-этнографиялық байқауы өтті.

Байқаудың басты мақсаты – ұлттық салт-дәстүрлерді ұлықтау, жастарды қазақтың мәдениетіне баулу және оның эстетикалық қырларын насихаттау. Қатысушылар ұлттық киім үлгілерін, зергерлік бұйымдарды және дәстүрлі образдарды сахналық көрініс арқылы паш етіп, халқымыздың бай мәдени мұрасын көрсетті.

«Қарлығаш-3» балабақшасының тәрбиешісі Мира Кенжегаринқызы Тулебаева байқауда өз өнері мен ұлттық болмысты нәзік үйлестіре отырып, жоғары деңгейдегі шеберлігін танытты. Оның талғамы мен дәстүрге деген құрметі сахнадағы бейнесімен заманауи тұрғыдан үйлестіргені жоғары бағаланып, жүлделі ІІ орынды иеленуге мүмкіндік берді.

«Қарлығаш» балабақшасының ұжымы үшін бұл жетістік ұжымның рухани бірлігінің, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілігінің және шығармашылық ізденісінің айғағы іспеттес.

Осындай іс-шаралар жас ұрпаққа ұлттық мәдениетімізді үлгі тұтарлықтай тәрбиелік мәнін көрсететін педагогтердің рухани құндылықтарды нығайтуға, эстетикалық талғамын қалыптастыруға және шығармашылық белсенділікті дамытуына септігін тигізеді.

«Қарлығаш» балабақшасының ұжымы Мира Кенжегаринқызын жеңісімен шын жүректен құттықтап, шығармашылық шабыт пен жаңа жетістіктер тілейді.