Басты бетҚазақ халық ертегісі арқылы ұлттық құндылықтар

Қазақ халық ертегісі арқылы ұлттық құндылықтар

Қазақ халық ертегісі арқылы ұлттық құндылықтар Қазақ халық ертегісі арқылы ұлттық құндылықтар Қазақ халық ертегісі арқылы ұлттық құндылықтар Қазақ халық ертегісі арқылы ұлттық құндылықтар Қазақ халық ертегісі арқылы ұлттық құндылықтар

«Қайнар» ересек тобында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай қазақ халық ертегісі «Алтын сақа» негізінде тәрбиелік-білім беру іс-шарасы өтті. Сабақ «Бастау» бағдарламасы және «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, балалардың ел тарихына, мәдениетіне және рухани құндылықтарына деген құрметін қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар кешенінің бір бөлігі болды.

Іс-шара барысында сахналау, сұрақ-жауап, түсіндіру және әңгімелесу әдіс-тәсілдері қолданылды. Ертегі мазмұны арқылы балалардың бойында адалдық, еңбекқорлық, тапқырлық сияқты маңызды адамгершілік қасиеттер, сондай-ақ ұлттық дәстүрлер мен мәдени мұраға деген құрмет қалыптастырылды.

Тәрбиеленушілердің тілдік дамуына ерекше көңіл бөлініп, сөздік қорын байытуға, байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіруге және өз ойын еркін жеткізуіне жағдай жасалды. Мемлекеттік мерекелерге орай ұйымдастырылатын мұндай сабақтар балалардың өз халқының тарихы мен мәдениетіне деген қатыстылық сезімін қалыптастырып, ерте жастан азаматтық сана негіздерін нығайтуға ықпал етеді.