Басты бет«Қысқы қуаныштар: балабақшаның ата-аналарға арналған құпиялары»

«Қысқы қуаныштар: балабақшаның ата-аналарға арналған құпиялары»

«Қысқы қуаныштар: балабақшаның ата-аналарға арналған құпиялары» «Қысқы қуаныштар: балабақшаның ата-аналарға арналған құпиялары» «Қысқы қуаныштар: балабақшаның ата-аналарға арналған құпиялары» «Қысқы қуаныштар: балабақшаның ата-аналарға арналған құпиялары»

Қыс – ақ қармен, таза ауада ойнаумен және қысқы ойындармен есте қалады. Бірақ бұл кезеңде кішкентай балалар үшін көптеген қауіп-қатер де бар: төмен температура, тайғақ жолдар, құбылмалы ауа райы және күннің қысқаруы балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қосымша қауіп төндіреді. Балабақшада мамандар осы мәселелерге ерекше көңіл бөледі, суық мезгілді балалар үшін қауіпсіз, пайдалы әрі қызықты етіп өткізуге тырысады.

«Қыс уақытындағы қауіпсіздік - кешенді міндет. Ол тек бір маманның жұмысы емес, тәрбиешілер, техникалық персонал, әкімшілік пен ата-аналардың бірлескен күш-жігерін талап етеді. Тек бір команда ретінде жұмыс істей отырып, балалар үшін жайлы және қауіпсіз орта құруға болады», - дейді балабақшаның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің маманы Гүлназ Шорабай.

Аумақ пен ойын алаңдарының қауіпсіздігін бақылау ұсақ-түйектен басталады

Басты бағыттардың бірі – балабақша аумағын күнделікті тексеру. Күнде таңертең және кеште шаруашылық жөніндегі персонал жолдар мен кіреберістерді, баспалдақтар мен ойын алаңдарын тексереді. Тайғақ жерлерге тұз немесе арнайы қоспалар себеді, қауіпті аймақтарды толық тазаланғанға дейін жабады. Барлық шағын сәулет формасы, сырғанақтар мен спорт құралдарының бүтіндігі мен беріктігі мұқият тексеріледі.

«Біз әрбір детальға мұқият қараймыз: алаңның бір де бір бұрышы қауіп төндірмеуі тиіс. Балаларға алаңның кез келген бөлігі қауіпсіз болуы керек, сонда ғана серуен қуаныш әкеледі, алаңдаушылық тудыртпайды», - дейді Гүлназ Шорабай.

Сондай-ақ, педагогтер қызмет көрсететін персоналмен бірлесе отырып, қауіпсіз жолдар мен тайғақ емес аймақтарды ескере отырып, серуендеу маршруттарын жоспарлайды. Тайғақ жерлер уақтылы белгіленіп, тазаланады.

Температура режимі мен микроклимат: бөлмедегі денсаулық

Балабақша ішіндегі бөлмелерде температура мен ылғалдылық қатаң бақыланады, желдету режимі сақталады. Балалардың сыртта киіп жүрген киімі дұрыс кептіріліп, оларға суық тиіп қалмауы қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, сырттағы температура мен бөлмедегі температураның арасындағы айырмашылық алдын ала реттелуі тиіс, сонда ол тұмау немесе созылмалы аурулардың асқынуына жол бермейді.

«Бөлмедегі температура мен ылғалдылықты бақылау – жай ғана формальдылық емес, балалардың қысқы денсаулығының негізі. Біз балалардың жайлы сезінуі мен толыққанды дамуына ерекше көңіл бөлеміз», - дейді балабақша меңгерушісі Жанар Дюсенова.

Қысқы серуенді дұрыс ұйымдастыру – қауіпсіз қуаныш

Таза ауадағы серуен денсаулыққа өте пайдалы, бірақ дұрыс ұйымдастырылған жағдайда ғана қауіпсіз болады. Сыртқа шығар алдында тәрбиеші әрбір баланың киімін: қолғабын, бас киімін, аяқ киімін жылы, ауа райына сай екенін тексереді. Қауіпсіз маршруттар таңдап алады, ойын алаңдарында мұз бен қардың тазаланғанын тексереді.

«Серуен кезінде балаларды әр 10-15 минут сайын бақылаймыз. Олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауды, басқаларды итермей ойнауды, бір-біріне кедергі жасамауды үйренеді. Бұл ережелер әдетке айналып, қауіпсіздік дағдыларын қалыптастырады» - дейді тәрбиеші Инабат Сарсенқызы.

Ауа райы нашарласа серуендеу уақыты қысқартылады немесе тоқтатылады. Егер жел күшейіп, температура төмендеп немесе көк тайғақ болса, тәрбиешілер серуендеу жоспарын түзетеді.

Толғырақ осы сілтеме арқылы оқи аласыз.