Басты бет«Қарлығаш» балабақшасында қызылшаға қарсы профилактикалық шаралар күшейтілді

«Қарлығаш» балабақшасында қызылшаға қарсы профилактикалық шаралар күшейтілді

«Қарлығаш» балабақшасында қызылшаға қарсы профилактикалық шаралар күшейтілді «Қарлығаш» балабақшасында қызылшаға қарсы профилактикалық шаралар күшейтілді «Қарлығаш» балабақшасында қызылшаға қарсы профилактикалық шаралар күшейтілді «Қарлығаш» балабақшасында қызылшаға қарсы профилактикалық шаралар күшейтілді

«Қарлығаш» балабақшасында қызылша ауруының өршуі жағдайында тәрбиеленушілердің денсаулығын қорғауға бағытталған профилактикалық шаралардың кеңейтілген кешені енгізілді. Жұмыс санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес ұйымдастырылып, балалар ұжымында инфекцияның таралуының алдын алуға бағытталған.

Қабылданған шаралар күн сайын жүргізілетін таңертеңгілік фильтрді, балалардың жалпы жағдайын бағалауды, тұрақты медициналық бақылауды, санитариялық-гигиеналық режимді күшейтуді қамтиды. Сондай-ақ үй-жайларды жүйелі түрде желдету және дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып ылғалды тазалау жүргізіледі. Бұдан бөлек, профилактикалық екпелер күнтізбесінің сақталуына бақылау жасалып, ата-аналармен жедел өзара іс-қимыл қамтамасыз етіледі және жұқпалы аурулардың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Профилактикалық шараларды күшейту қажеттілігі елдегі жалпы эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Мамандардың мәліметінше, Қазақстанда күн сайын қызылшамен ауырудың орташа есеппен 20 - 25 жаңа жағдайы тіркеледі, ал 2025 жылдың соңына қарай ауру жұқтырғандар саны 3 мыңнан асты. Сарапшылар аурушаңдықтың өршуін ең алдымен вакцинация деңгейінің төмендеуімен байланыстырады.

Қызылша - жұқпалылығы өте жоғары вирустық аурулардың бірі. Инфекция ауа-тамшылы жолмен беріледі және ұйымдастырылған балалар ұжымдарында өте жылдам таралады. Ауру асқынып, пневмония мен отиттен бастап орталық жүйке жүйесінің зақымдануына дейін күрделендіруі мүмкін.

«Қарлығаш» балабақшасының медициналық мамандары профилактиканың негізі Қазақстан Республикасының профилактикалық екпелердің ұлттық күнтізбесіне сәйкес жүргізілетін вакцинация екенін атап өтеді. Қызылшаға, қызамыққа және эпидемиялық паротитке қарсы вакцина балаларға 12 айлық жаста салынып, 6 жаста қайта егіледі. Аурудың өршуі жағдайында медициналық көрсеткіштер бойынша вакцинаны ертерек - 9 айлық жастан бастап егуге рұқсат беріледі. Эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін аурушаңдықтың жас ерекшелігін ескере отырып, 6 айлық жастан бастап қосымша вакцинация жүргізіледі (Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2023 жылғы 1 қарашадағы № 7 қаулысының 2-тармағы).

Баланың денсаулығына жауапкершілікпен қарау, дәрігерге уақтылы жүгіну және медициналық мамандардың ұсынымдарын сақтау балалар ұжымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі факторлары болып қала береді.