Басты бетКәсіптер әлемі

Кәсіптер әлемі

Кәсіптер әлемі Кәсіптер әлемі Кәсіптер әлемі Кәсіптер әлемі Кәсіптер әлемі Кәсіптер әлемі

ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасындағы «Арай» даярлық тобында «Кәсіптер әлемі» тақырыбында сабақ өтті. Сабақтың мақсаты – балаларға кәсіптер әлемінің әралуандығын таныстыру және ойын арқылы алғашқы еңбек дағдыларын қалыптастыру. Сабақ «Бастау» бағдарламасы аясында өткізілді және балалардың танымдық белсенділігін, шығармашылық қабілеттерін, өздігінен әрекет етуін дамытуға бағытталған.


Балалар тек кәсіптерді талқылап қана қоймай, шаштараз, дизайнер-декоратор және аспаз рөлдерін өздері орындап көрді. «Шаштараздар» жаңа образдарды қызығушылықпен жасаса, «дизайнер-декораторлар» қиялына ерік беріп, шығармашылықпен кірісіп айналаны безендірді, ал «аспаздар» ойын арқылы тамақ дайындауда әрбір әрекетінің реттілігін сақтап, еңбек ету мәдениетін үйренді. Балалардың жүздерінен қызығушылыққа бөленіп, жасаған әрекеттерінен ләззат алғаны көрініп тұрды.


Сюжеттік-рөлдік ойындар балалардың бір-бірімен ынтымақтасып, рөлдерді бөлісіп, бастаған істі соңына дейін жеткізуін дамытады. Мұндай сабақтар балалардың шығармашылық ойлауын, өздігінен әрекет етуін, жауапкершілігін және ересектер еңбегіне құрметпен қарауды қалыптастырады және балалардың ең сүйікті іс-әрекетіне айналып, бірлесе білім алудың қуанышына бөлендіреді.
Балалардың табиғи танымдық қызығушылығын қолдау және еңбек етуде алғашқы қадамдарын игеруі оларды мектепке дайындаудың және әрі қарай өмірінде өзін-өзі анықтаудың маңызды бөлігі болып табылады. Дәл осы кезеңде оларда еңбекқорлық, жауапкершілік және әр кәсіптің қоғамдағы мәнін түсіну негіздері қалыптасады, ал сабаққа деген қызығушылық пен ынта олардың алғашқы кәсіби қиялын оятады.