8 наурыз -Халықаралық әйелдер күні қарсаңында балабақша тәрбиеленушілерінің қатысуымен ерекше концерт өтті. Іс-шара барысында кішкентай өнерпаздар өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй мен жылы әсер сыйлады.
Концерттің әсерлі сәттерінің бірі - «Ең жақсы ана» әнінің орындалуы болды. Бұл әнді «Қайнар» тобының тәрбиеленушілері Сапарбек Али, Ерболұлы Бекарыс және Нұрғали Ханкелді орындап, аналарына деген шынайы сүйіспеншіліктерін жеткізді. Балалардың жүректен шыққан орындауы көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.
Аталған ән Қонаев Media телеарнасында алғаш рет жарық көрген «Балапан саз – бақытты балалық шақ» авторлық жобасы аясында ұсынылды. Жобаның авторы - балаларға арналған әндердің авторы Алтын Махамбет. Әннің сөзі мен әуені де автордың өз туындысы.
Концерттің телевизиялық нұсқасы Qonaev Media телеарнасында көрсетіліп, жас өнерпаздардың өнерін кең аудиторияға таныстыруға мүмкіндік берді.