Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы Президенттік орталық ғимаратында өткен, Наурыз мерекесіне арналған салтанатты іс-шараға қатысып, ведомстволық бағынысты ұйымдардың ұжымдарымен бірге атсалысты.
Іс-шара «Наурызнама» жалпыұлттық онкүндігі аясында ұйымдастырылып, ұлттық мәдениеттің мазмұнын заманауи тұрғыда танытатын мазмұнды бағдарламамен ерекшеленді.
Концерттік бағдарламада ұлттық және патриоттық бағыттағы нөмірлер ұсынылып, оған «Қарлығаш» балабақшасының 7-ден астам қызметкері қатысты. Іс-шара қорытындысы бойынша ұжым жоғары бағаланып, жекелеген мамандар — хореограф пен музыкант — шығармашылық бағдарламаны іске асыруға қосқан үлесі үшін марапатталды.
«Наурыз дастарханы» байқауы аясында «Қарлығаш» балабақшасы Медициналық орталықтың басқа да ведомстволық бағынысты ұйымдарымен қатар «Ең көркем безендірілген» номинациясымен марапатталды.
Аталған іс-шараға қатысу «Қарлығаш» ұжымының корпоративтік мәдениетті нығайтуға, ұлттық құндылықтарды сақтауға және ілгерілетуге бағытталған жүйелі жұмысының бір бөлігі екенін көрсетті.
Мереке Наурыздың қоғамды біріктіретін, мәдени мұраны дәріптейтін және өзара құрмет пен келісімді нығайтатын маңызды құндылық екенін тағы бір мәрте айқындады.