Басты бетАлғашқы қадамнан ашылатын талант: «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиеленушілері — халықаралық байқау...

Алғашқы қадамнан ашылатын талант: «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиеленушілері — халықаралық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері

Алғашқы қадамнан ашылатын талант: «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиеленушілері — халықаралық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Алғашқы қадамнан ашылатын талант: «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиеленушілері — халықаралық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Алғашқы қадамнан ашылатын талант: «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиеленушілері — халықаралық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы тәрбиеленушілерінің “Darinfusion” халықаралық шығармашылық жобасы мен «Жұлдызды Көктем» балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы байқауына қатысуы маңызды оқиға болды. Байқау қорытындысы бойынша тәрбиеленушілер жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, 4 Гран-при және 4 бірінші орынға ие болды.

Вокал бағыты бойынша «Балбөбек», «Дарын», «Алпамыс», «Қайнар» және «Сымбат» топтарының тәрбиеленушілері «16 қыз», «Бүлдірген», «Еркемай», «Көктем», «Маусымжан» атты халық әндері мен заманауи шығармаларды орындап, сахна мәдениетін, орындаушылық шеберлігін және сенімділігін көрсетті. Нәтижесінде қатысушылар Гран-при және бірінші орындарға ие болды.

Көркем сөз номинациясында «Қайнар» тобының тәрбиеленушісі Сапарбек Али «Ана» шығармасын орындап, мәнерлеп оқу шеберлігі мен шынайы эмоциясын көрсетіп, Гран-при иегері атанды.

Хореография бағыты да жоғары нәтижелермен ерекшеленді: «Сымбат» мектепалды тобы мен «Қайнар» ересек тобының орындауындағы «Көктем» және «Сиртаки» билері Гран-при мен бірінші орынға ие болды, олар үйлесімділікті, ырғақ сезімі мен сахналық әртістік деңгейін көрсете білді.

Қол жеткізілген нәтижелер педагогикалық ұжымның балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сенімділік, сахна мәдениеті және эмоциялық мәнерлілікті қалыптастыру бағытындағы жүйелі жұмысының нәтижесі болып табылады.

Балаларды дайындау барысында әрбір тәрбиеленушіні қолдау ерекше маңызға ие: алғашқы қадамнан бастап сахнаға шығуға дейін педагогтер баланың тек дағдыларды меңгеруіне ғана емес, өзін көрсетуіне, топпен жұмыс істеуіне және шығармашылық үдерістен ләззат алуына жағдай жасайды.

Тәрбиеленушілердің жетістіктері — балалардың, педагогтердің және ата-аналардың бірлескен еңбегінің нәтижесі, сондай-ақ баланың жан-жақты дамуына бағытталған білім беру ортасының тиімділігінің көрсеткіші.

«Қарлығаш» балабақшасы әрбір балаға өз қабілетін ашуға және болашақ жетістіктеріне алғашқы сенімді қадам жасауға мүмкіндік беретін ортаны жүйелі түрде қалыптастырып келеді.