Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде баланың денсаулығы — қосымша фактор емес, оның дамуы мен білім алуының негізі деген маңызды түсінік күшейіп келеді. Танымдық қабілеттер, эмоциялық тұрақтылық пен оқуға дайын болу баланың физикалық әрі психоэмоционалдық жағдайына тікелей байланысты. Мектепке дейінгі ұйымдарда чекаптардың не үшін қажет екені туралы «Білімді ел – Образованная страна» республикалық қоғамдық-саяси басылымының порталында жарияланған материалда баяндалады.
Қазіргі тәсілдер білім беру ортасы, денсаулық және эмоциялық әл-ауқат өзара тығыз байланыста болатын кешенді модельді қалыптастырады. Сонымен қатар, көптеген мектепке дейінгі ұйымда медициналық жұмыс әлі де бақылаумен және туындаған жағдайларға ден қоюмен шектелуде, бұл ықтимал тәуекелдерді дер кезінде анықтауға әрдайым мүмкіндік бере бермейді.
Халықаралық тәжірибе жеке тексерулерден жүйелі интеграцияға көшу үрдісін көрсетеді. Ұлыбританияда Healthy Child Programme денсаулық пен ерте білім беруді біріктіреді, Жаңа Зеландияда B4 School Check мектепке дайындығын кешенді бағалауға бағытталған, Германияда U-Untersuchungen профилактикалық тексерулер жүйесі жұмыс істейді, АҚШ-та Американдық педиатрия академиясы ұсынған developmental screening стандарттары қолданылады. Францияда медициналық сүйемелдеу мектепке дейінгі ортаға bilan de santé en école maternelle жүйесі арқылы енгізілген.
Бұл модельдердің ортақ қағидасы — денсаулықты оқудың базалық шарты ретінде қарастыру және ден қоюдан алдын алуға көшу.
Бұл тәсіл Қазақстанның стратегиялық басымдықтарына толық сәйкес келеді. Мемлекет басшысының Жолдауларында балалардың дамуы, олардың денсаулығы және елдің адами әлеуетін қалыптастыру мемлекеттік саясаттың негізгі бағдарлары ретінде айқындалған.
Осы модельдің практика жүзінде іске асырылуы Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасында көрініс тапқан, мұнда медициналық сүйемелдеу білім беру үдерісіне толық кіріктірілген.
Негізгі құрал — баланың жағдайын кешенді бағалауды қамтитын Check Up бағдарламасы. Ол физикалық дамуды, ағзаның негізгі жүйелерінің жұмысын, көру қабілетін және психоэмоционалдық жағдайды қамтиды. Заманауи диагностикалық әдістер баланың даму динамикасын бақылауға мүмкіндік береді.
Қосымша ретінде омыртқаны компьютерлік-оптикалық топография – сәулелік жүктемесіз қауіпсіз технология әдісімен тексеру енгізілуде, бұл қазіргі уақытта апробациядан өткізуге дайындық кезеңінен өтуде.
Алдағы уақытта мұндай диагностиканың нәтижесін кәсіби интерпретациясымен және жеке ұсынымдарымен бірге кеңейтілген қорытындыны ата-аналарға ұсынуға мүмкіндік береді.
Бұл ретте Check Up бағдарламасы жеке диагностикалық құрал ретінде емес, баланы сүйемелдеудің кең ауқымды жүйесінің бір бөлігі ретінде қарастырылады. Алынған деректер күнделікті тәжірибеде қолданылады, тек ағымдағы жағдай ғана емес, даму динамикасы, жүктеме деңгейі және білім беру ортасына бейімделуі бағаланады. Бұл білім беру үдерісінде басқарушылық шешімдер қабылдауға негіз қалыптастырады. Медицина мамандары мен педагогтердің өзара іс-қимыл жасауы бірыңғай жүйе ретінде ұйымдастырылған.
Мұндай тәсіл баланың дамитын ортасының негізгі элементтеріне де қолданылады. Атап айтқанда, тамақтануды ұйымдастыру медициналық сүйемелдеудің жалғасы ретінде қарастырылады: рацион жас ерекшеліктеріне, белсенділік деңгейіне және даму міндеттеріне сәйкес құрылады және оның параметрлері тұрақты түрде нақтыланып отырады.
Бұл модель ЮНЕСКО, ДСҰ және ЮНИСЕФ ұйымдарының қатысуымен іске асырылатын «денсаулық мектебі» тұжырымдамасын қоса алғанда, халықаралық тәсілдермен үндес. Мұнда денсаулық білім беру ортасының ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады. Инфрақұрылымдық шешімдер де осы мақсатқа бағытталған: сауықтыру және дамыту кеңістіктері күнделікті қызметке кіріктіріліп, алдын алу мен балалардың жағдайын қолдауға қызмет етеді.
Білім беру ортасына деректерді кіріктіру ерекше маңызды:
«Көрсеткіштерді тіркеу ғана емес, олардың динамикасын көріп, өзгерістерге дер кезінде жауап беру де өте маңызды болып табылады», — деп атап өтеді балабақшаның дәрігері Ілескен Алдабергенқызы.
«Қарлығаш» моделі осындай интеграцияның жоғары деңгейін көрсетеді: денсаулық, даму және білім беру біртұтас жүйе ретінде қарастырылады. Флагмандық алаң және Құзыреттер орталығы ретінде балабақша мектепке дейінгі білім беру жүйесінде масштабтауға болатын тәсілді қалыптастырып отыр.
Осылайша, баланың денсаулығы оның дамуының іргетасы және елдің адами әлеуетін қалыптастырудың негізі болатын жаңа модель қалыптасуда.
Толық нұсқасын осы сілтеме арқылы оқуға болады.