Басты бетҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша ақпараттық-түсіндір...

ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары өткізілді

ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары өткізілді ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары өткізілді ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары өткізілді ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары өткізілді ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары өткізілді

ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасы ШЖҚ РМК комплаенс-офицердің 2026 жылға арналған жылдық жұмыс жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары жүргізілді. Іс-шараларды балабақшаның комплаенс-офицері И. Байтасова ұйымдастырып, балабақшаның 3 объектісінің ұжымын қамтыды.

Аталған іс-шаралар Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарын іске асыру және Кәсіпорынның ішкі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын орындау шеңберінде өткізілді.

Іс-шаралардың мақсаты – қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.

Іс-шара барысында Кәсіпорындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары, мақсаттары мен міндеттері түсіндірілді. Қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу тетіктері, қызметтік міндеттерін адал әрі парасатты орындау қағидаттары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және болдырмау жөніндегі жеке жауапкершілік мәселелері жеткізілді.

Қорытындылай келе, өткізілген іс-шаралар қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау жөніндегі жауапкершілігін арттыруға, ішкі бақылау және комплаенс-тетіктерін жетілдіруге, сондай-ақ Кәсіпорында ашықтық пен адалдық қағидаттарын нығайтуға бағытталды.

«Қарлығаш» балабақшасы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмысты жүйелі және тұрақты негізде жалғастырады.