Басты бет«Қарлығаш» балабақшасында «ЭКО және МЕДИА» республикалық семинары өтті

«Қарлығаш» балабақшасында «ЭКО және МЕДИА» республикалық семинары өтті

«Қарлығаш» балабақшасында «ЭКО және МЕДИА» республикалық семинары өтті «Қарлығаш» балабақшасында «ЭКО және МЕДИА» республикалық семинары өтті «Қарлығаш» балабақшасында «ЭКО және МЕДИА» республикалық семинары өтті «Қарлығаш» балабақшасында «ЭКО және МЕДИА» республикалық семинары өтті «Қарлығаш» балабақшасында «ЭКО және МЕДИА» республикалық семинары өтті «Қарлығаш» балабақшасында «ЭКО және МЕДИА» республикалық семинары өтті «Қарлығаш» балабақшасында «ЭКО және МЕДИА» республикалық семинары өтті «Қарлығаш» балабақшасында «ЭКО және МЕДИА» республикалық семинары өтті «Қарлығаш» балабақшасында «ЭКО және МЕДИА» республикалық семинары өтті

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасында «ЭКО және МЕДИА – балабақшадағы инновациялық білім беру кеңістігі» тақырыбында халықаралық қатысушылармен екі күндік республикалық семинар өтті.

Аталған іс-шараға ғылыми қауымдастық өкілдері, халықаралық сарапшылар, сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары мен мамандары қатысты. Семинар бағдарламасы экологиялық ойлау мәдениетін қалыптастыру, медиақұзыреттілікті дамыту және заманауи педагогикалық тәсілдерді тәжірибе жүзінде көрсетуге бағытталған практикалық және теориялық форматтарды қамтыды.

Семинардың бірінші күні аясында қатысушыларға балабақшаның қалыптасқан экологиялық білім беру ортасы мен жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқан экожобалар кешені ұсынылды. Көрсетілген тәжірибелер: зерттеу іс-әрекеті, табиғи және қайта өңделетін материалдармен жұмыс, сондай-ақ оқу, ойын және танымды біртұтас үдеріске біріктіретін практикалық форматтар арқылы балаларда экологиялық мәдениетті қалыптастырудың нақты тетіктері ашылды.

Атап айтқанда, балалардың табиғи құбылыстарды бақылауы, материалдардың қасиеттерін зерттеуі, қоршаған ортамен өзара байланысын түсінуі және күнделікті әрекет арқылы экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру жолдары көрсетілді. Бұл тәжірибелер экологиялық тақырыптың жекелеген бағыт ретінде емес, білім беру үдерісінің ажырамас бөлігі ретінде енгізілгенін айқын көрсетті.

Семинардың екінші күні заманауи білім беру технологиялары мен медиаорталық мәселелеріне арналды. Бағдарлама аясында медиаресурстарды тиімді пайдалану, балалардың креативтілігі мен коммуникативтік дағдыларын дамыту, сондай-ақ білім беру үдерісіне цифрлық шешімдерді, оның ішінде жасанды интеллект элементтерін енгізу бойынша мастер-класстар мен практикалық сабақтар ұйымдастырылды.

Инклюзивті практика семинардың маңызды бағыттарының бірі ретінде қарастырылды. Секциялық жұмыстар мен мастер-класстар барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жүргізудің заманауи тәсілдері ұсынылды. Психологиялық блок аясында сенсорлық интеграция элементтері мен құммен ойнау терапиясын қолдану арқылы баламен өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастыру жолдары көрсетілді. Мұндай тәсілдер баланың эмоциялық жай-күйін тұрақтандыруға, өзін қауіпсіз сезінуіне және оқу үдерісіне біртіндеп қосылуына мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, медиаорталықты қолдану арқылы түзете отырып дамыту жұмысының тиімділігін арттыру жолдары таныстырылды. Визуалды және аудио материалдар баланың қызығушылығын арттырып қана қоймай, оқу мазмұнын құрылымдауға және оны қабылдауды жеңілдетуге ықпал ететіні көрсетілді.

Логопедиялық бағытта цифрлық құралдарды қолданудың практикалық мүмкіндіктері ұсынылды. Мамандар жасанды интеллект элементтерін пайдалану арқылы балалардың жеке ерекшеліктеріне бейімделген оқу материалдарын әзірлеу тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар анимация, бейнематериалдар мен интерактивті тапсырмалар арқылы дәстүрлі логопедиялық әдістерді жаңа форматта қолдану үлгілері көрсетілді.

Семинардың практикалық бағыты қатысушыларға ұсынылған тәсілдермен танысып қана қоймай, оларды тәжірибе жүзінде байқап көруге мүмкіндік берді. Бұл өз кезегінде ұсынылған әдістердің тиімділігін бағалауға және оларды кәсіби қызметте қолдану мүмкіндіктерін айқындауға жағдай жасады.

Өткізілген семинар «Қарлығаш» балабақшасының Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Құзыреттер орталығы ретіндегі мәртебесін нақтылай түсті. Мұнда ұсынылған тәжірибелер тек көрсетілім ретінде емес, жүйелі түрде қалыптасқан және мектепке дейінгі білім беру жүйесіне таратылып отырған тиімді модель екенін көрсетті.