2026 жылғы 24 сәуірде «Қарлығаш» балабақшасының адами ресурстарды басқару қызметінің қызметкерлері мен бас тәлімгер, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ұйымдастырған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты.
Іс-шараға қатысудың негізгі мақсаты — жаңадан ашылатын 4 нысанға білікті әрі ынталы мамандарды тарту, сондай-ақ мекеменің тартымды жұмыс беруші ретіндегі имиджін қалыптастыру болды.
Жәрмеңке барысында университеттің 16 түлегі бос жұмыс орындарының тізімімен танысып, Кәсіпорын қызметі туралы толық ақпарат алды, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, жұмысқа орналасу бойынша кеңес алды.
Мекеменің танымалдылығын арттыру және әлеуетті үміткерлерді тарту мақсатында қатысушыларға ақпараттық брошюралар таратылды.