9 мамыр Жеңіс күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиеленушілері Бауыржан Момышулы ескерткішіне барып, құрмет пен тағзым белгісі ретінде гүл шоқтарын қойды.
Бауыржан Момышулы - Кеңес Одағының Батыры, аты аңызға айналған қолбасшы, панфиловшы, әскери жазушы әрі педагог. Оның есімі ел тарихында ерлік пен қайсарлықтың, Отанға адалдықтың символы ретінде ерекше орын алады.
Іс-шара барысында тәрбиеленушілер көрнекті қолбасшының өмірі мен ерлігімен танысып, оның Жеңіске қосқан үлесі туралы мағлұмат алды. Балалардың тарихи жадыға деген құрметін, ұлттық батырларға қызығушылығын және бейбіт өмірдің құндылығын түсінуге деген көзқарасын қалыптастыруға ерекше мән берілді.
Тәрбиеленушілер батыр рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етті.
Бұл іс-шара балаларда ерте жастан азаматтық-патриоттық тәрбиенің негіздерін қалыптастыруға, ел тарихына құрметпен қарауға, Отан қорғаушылардың ерлігін бағалауға және тарихи жадыны сақтауға бағытталған.