Басты бет«Қарлығаш» балабақшасында ұлттық құндылықтар мен заманауи білім беру тәсілдеріне арналған қалалық...

«Қарлығаш» балабақшасында ұлттық құндылықтар мен заманауи білім беру тәсілдеріне арналған қалалық семинар өтеді

«Қарлығаш» балабақшасында ұлттық құндылықтар мен заманауи білім беру тәсілдеріне арналған қалалық семинар өтеді «Қарлығаш» балабақшасында ұлттық құндылықтар мен заманауи білім беру тәсілдеріне арналған қалалық семинар өтеді

2026 жылғы 15 мамырда Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасында «Ұлттық құндылықтар: жаңа мағына, жаңа көзқарас» тақырыбында қалалық семинар өтеді. Семинар мектепке дейінгі білім беру кеңістігінде ұлттық құндылықтарды кіріктіру мен заманауи білім беру тәсілдерін ұштастыру мәселелеріне арналады.

Семинардың негізгі бағыты – «Заманауи әдістер мен ұлттық мазмұнды ұштастыру». Семинарға Астана қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері, ғылыми-сараптамалық қауымдастық өкілдері, сондай-ақ балабақшаның әлеуметтік серіктестері: Балаларды ерте дамыту институты, елорда жоғары оқу орындарының өкілдері, Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы және өзге де профильдік ұйымдар қатысады деп жоспарлануда.

Спикерлер қатарында педагогика ғылымдарының кандидаттары, профессорлар және мектепке дейінгі білім беру саласының жетекші педагогтері бар. Семинар бағдарламасында «Ұлттық мұра: дәстүр мен жаңару» көрмесі, экскурсиялық және практикалық алаңдар, «Бастау» бағдарламасы аясындағы авторлық тәжірибелердің көрсетілімі, сарапшылар мен практик-педагогтердің қатысуымен өтетін білім беру Meet Up алаңы, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды кіріктіру, ЖИ-технологияларын қолдану, мнемотехника және тәрбиенің заманауи әдістері тақырыптарындағы баяндамалар қамтылған.

Қатысушылар дамытушы білім беру ортасын ұйымдастырудың тиімді тәжірибелерімен, ұлттық тәрбиеге негізделген заманауи әдістемелермен және «Қарлығаш» балабақшасында жүзеге асырылып жатқан инновациялық жобалармен таныса алады. Алаңдар қатарында эмоциялық даму, ұлттық ойындар, жүзу, зерттеу қызметі, ағылшын тілін сингапур әдістемесі арқылы оқыту және басқа да бағыттар ұсынылады.

Өтетін күні: 2026 жылғы 15 мамыр

Уақыты: 08:30-13:00

Өтетін орны: Астана қаласы, «Шұбар» ш/а, Жауқазын орамы, 6

Форматы: офлайн