«Bilimdi el – образованная страна» білім беру қоғамдық-саяси басылымының платформасында ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасының медициналық қызметі мен мектепке дейінгі жастағы балаларды сүйемелдеу жүйесіндегі мейіргерлердің рөліне арналған материал жарияланды. Материал Халықаралық мейіргер күніне орай әзірленіп, күн сайын балалардың жанынан табылып, тек медициналық бақылауды ғана емес, тәрбиеленушілердің эмоционалдық жай-күйін қамтамасыз етіп жүрген мамандар туралы баяндайды.
Жарияланымда балабақшадағы бала денсаулығына қамқорлық жасаудың біртұтас жүйесі жан-жақты көрсетілген. Күнделікті бақылау мен профилактикалық жұмыстан бастап, сауықтыру шаралары, бассейн, фитобар, денсаулық жолы және дұрыс тамақтану мектебіне дейінгі жұмыстар қамтылған. Сонымен қатар, мұндағы медициналық сүйемелдеудің біртұтас білім беру үдерісінің ажырамас бөлігі екеніне ерекше назар аударылған.
Материалда мамандықтың адами қыры да кеңінен ашылады. Баланың күні бойы өзін қауіпсіз әрі жайлы сезінуіне ықпал ететін күнделікті қамқорлық, қолдау мен жанашырлық туралы балабақша мейіргерлері өз тәжірибелерімен және кәсіби көзқарастарымен бөліседі.
Жарияланымда мектепке дейінгі жаста денсаулыққа қамқорлық жасау тек бақылау мен медициналық шаралардан тұрмайтыны, сонымен қатар күнделікті тәжірибе мен сенімді орта арқылы балалардың өз денсаулығына ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру маңызды екені атап өтіледі.
Материалдың толық нұсқасымен осы сілтеме арқылы танысуға болады.