Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» ШЖҚ РМК
Орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8/2, «Алтын Орда» БО.
Анықтама телефоны: 8 (7172) 25-22-85, gulzada.tusupbekova@mail.ru, 8-705-189-35-78.
Тәрбиеші көмекшісі -12 ставка.
Еңбекақы мөлшері мен шарттары: лауазымдық жалақысы 308 000 теңгені құрайды, еңбекақы ай сайын төленеді.
Функционалдық міндеттері:
Тәрбие-білім беру үдерісін сапалы ұйымдастыру, балалардың денсаулығын нығайту, дене бітімін дамыту бөлігінде топ тәрбиешісінің талаптарын орындау;
Топта бар жабдықтар мен Мүкәммалдың сақталуын және оларға ұқыпты қарауды қамтамасыз ету;
Бекітілген топтағы балалардың тамақтану режимін сапалы орындауды қамтамасыз ету (дастархан жайуды ұйымдастыру және сақтау, балаларға тамақ таратуға көмектесу, ыдыс-аяқты тазалау және жуу, ауызды шаю үшін су дайындау); ас блогынан тамақ әкеліп, оны күн тәртібіне және санитарлық ережелерге сәйкес тарату.
САНПиН талаптарына сәйкес ыдыстарды санитарлық өңдеуді жүргізу;
Тәрбиешіге балалардың серуендеу және ұйықтау режимін сақтауға (балаларды киіндіру және шешіну, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру), қатайту рәсімдерін жүзеге асыруға, балалармен гигиеналық рәсімдерді жүргізуге көмек көрсету;
Бекітілген үй-жайларды тазалықты және уақтылы жинауды қамтамасыз ету (оның ішінде топта ылғалды және жалпы жинау, кварцтау және желдету режимін сақтау);
Карантиндік және шектеу іс-шаралары кезінде санэпидем талаптарын нақты сақтау.
Санитариялық тораптарды күнделікті гигиеналық өңдеуді жүргізу.
Балалар мен топ қызметкерлерін таза сүлгімен уақтылы қамтамасыз ету, оларды ластануына қарай ауыстыру;
Кестеге сәйкес іш киімді ауыстыруды қамтамасыз ету, кемінде 10 күнде бір рет;
Жазғы кезеңде тәрбиешімен бірге серуендеуге арналған учаскені дайындау;
Тәрбиешілердің өндірістік іс-шараларға қатысуы кезінде топта болу және балалар үшін жауапты болу;
Тәрбиеленушілердің балабақшада болуы кезінде олардың өмірі мен денсаулығы үшін жеке жауапкершілікте болу;
Қажет болған жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсету;
Әрбір бала, оның даму деңгейі мен ерекшеліктері туралы мәліметтерді жария етпеу бөлігінде міндеттерді сақтау;
Балалармен қарым-қатынаста ұстамдылық пен әдептілікті сақтау;
Еңбек тәртібін сақтау.
Негізгі талаптар:
Жоғары немесе орта-арнайы педагогикалық білім. Мектепке дейінгі білім беру саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 1 жыл.